3-сынып тест тапсырмалары

Автор: Байбусинова Қымбат Дюсембаевна

Бастауыш сыныптарын арналған тест тапсырмасы


3 – сынып. Ана тілі.
ІІ тоқсан
1. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны -...
а) Күн
ә) Өрнек
б) Қыран
в) Жұлдыз
2. М. Мақатаевтың «Үш бақытым» деп отырғаны -...
а) Білім, өнер, ғылым
ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік
б) Отан, халық, тіл
в) Әке, ана, бала
3. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған?
а) С. Сейфуллин. Туған ел
ә) Ә. Кекілбай. Ауыл таңы
б) С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін
в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
4. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
а) М. Мақатаев. Үш бақытым
ә) С. Сейфуллин. Туған ел
б) Д. Әбілев. Туған тілім
в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
5. Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім?
а) Ш. Қалдаяқов
ә) Ж. Нәжімеденов
б) Н. Назарбаев
в) М. Әлімбаев
6. Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер
Қалың қазақ елінің
Кегің қанмен жуған ер.
Ол кім?
а) Махамбет
ә) Исатай
б) Амангелді
в) Нұркен
7. «Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туы желбіреп тұр» деген жолдардағы негізгі ойға құрылған шығарманы ата.
а) К. Табей. Ол ақын болар ма еді?
ә) Ә. Нұршайықов. Музейдегі зеңбірек
б) Н. Айтов. Нұркен
в) Т. Кәкішев. Мәңгі жасар өмір
8. Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды»
деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді
?
а) Малшыны
ә) Жас баланы
б) Кәрі шалды
в) Жас жігітті

9. «Қызыл шұнақ тіркесіне» қатысты сөзді ата.
а) Күн
ә) Қар
б) Аяз
в) Қыс
10.
С. Шаймерденов «Баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады» деп нені суреттейді?
а) Көбелекті
ә) Қар ұлпаларын
б) Жаңбырды
в) Жапырақты
11. «Кеуек» сөзінің мағынасы не?
а) Құстың ұясы
ә) Қоянның іні
б) Ағаштың діңі
в) Аңның ізі
12. «Шидем мен тон қабаттап киген...» кім?
а) Шал
ә) Малшы
б) Бала
в) Жігіт
13. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қылышын сүйретіп... келер
а) Қыс
ә) Жаз
б) Көктем
в) Күз
14. «Көктем сәні» ертегісін есіңе түсір. «Көктем сәні - хош иіс» деген қай кейіпкердің сөзі?
а) Қасқыр
ә) Ит
б) Ақбөкен
в) Аю
15. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап. «... қорада шу»
а) Көбелек пен құстар да
ә) Түйе боздап, қой қоздап
б) Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті
в) Ел ешкісін қырқыпты


comments powered by HyperComments

пригласи друга и получи дипломы
пригласи друга

Подпишитесь на последние новости сайта!

Пожалуйста, подождите.
x