МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІМЕН АТА-АНАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ МАҚСАТЫ. Автор: Абибуллаева Зухра Абдуллаевна

В данной статье рассматривается вопрос об организации сотрудничества специалистов дошкольного образования совместной работы с родителями детей детского сада в деле обучения детей раннего возраста. Развите коммуникативных навыков детей раннего возраста  трубует системного и непрерывного педагогического подхода.Автор предлагает практический опыт применения методики Гленн Домана как  одного из продуктивных методов формирования навыков чтения, распознования, говорения и критического мышления

   


Автор: Абибуллаева Зухра Абдуллаевна
Работа:

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІМЕН АТА-АНАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ МАҚСАТЫ

Абибуллаева Зухра Абдуллаевна

КМҚ «Баларман» балабақшасының меңгерушісі

Қызылорда қаласы.

 

 

Баланы мектепке дайындау ерте балалық кезеңде басталады, туғаннан бастап деп айтуға да болады. Баланың психофизиологиялық даму үдерісі ерте жастан жүргізілетін үздіксіз үдеріс. Сондықтан балалардың дамуына ата-аналармен бірлесе балабақша мамандары да үнемі араласуы шарттылық. Баланы мектепке дайындау мақсатында ата–аналармен бірге мамандардың бірлесе атқаратын жұмыстары нәтижеге бағдарлы жоспарлы түрде жүргізілуі міндетті. Балабақшада бала белгілі әлеуметтік ортада өзіндік ролі бар субъект. Жеке балаға арналған педагогикалық ұжымдық тәрбиелеу іс-шаралары нәтижесінде әлеуметтік ортаға бейімделіп, қоршаған орта жайында дүниетанымы қалыптастырылады.

Мектепке дейінгі білім беру үдерісінде баланың табыстылығын қалыптастыру үшін сөйлеп, айналамыздағы әлемді біліп, қарапайым сөздерді оқу, жазу, сурет салу, сын тұрғысынан бағалай білуге үйренеді. Баланың дүниетанымы мен әлеуметтік құндылығы бар қабілеттіліктер мен жеке тұлғалық қасиеттерді меңгерту үдерісінде мамандардың ата-аналарға заманауи әдіс-тәсілдерден хабардар етуі қажеттіліктен туындайды. Баланың бала-бақшадан тыс жердегі іс-қимылы ата-аналардың жүргізілуімен және тікелей бақылауымен, ұйымдастыруымен өтетін әрекет деп қарасақ, бүгінгі жас ата-аналар баланың жас ерекшелігіне сәйкес психофизиологиялық дауына ықпал жасайтын педагогикалық тәлім–тәрбиелік маңызы бар құралдарды тиімді пайдалана білуіне балабақша мамандарының ақпараттық қызметі ерекше. Осы орайда, балаларды ерте дамыту әдістерінің ішінде практикалық қолдануға тиімділігі айқындалған Глен Доманның мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту әдістемесімен ата-аналарды таныстыруға болады дей аламыз. Не себепті Гленн Доманның әдісін ата-аналарға пайдалануға ұсынып отырмыз деген сұрақ туындауы мүмкін. Гленн Доман американдық физиотерапевт дәрігердің бұл әдісі баланың дүниетанымын қалыптастыруға нақты суреттер арқылы есте сақтау қабілеттіліктерін сөйлеуде,ойлануда бағалау мен қадағалау әрекеттер жүйеленетініне ерекше мән бердік. Ерте жастан баланың интеллектуалдық дамуына Гленн Доманның әдісі тиімділігі біздің практикамызда да анықталды.

Глен Доманның мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту әдістемесі бірінші кезекте баланы ерте жастан оқытуға бағытталғандығымен қызықтырады. Ерте жастан баланы оқыту іс-әрекетіне тарту арқылы баланың интеллектуалды дамуы ғана емес, сонымен бірге белсенді психо эмоционалдық дамуына мүмкіндік жасай аламыз. Себебі, оқыту іс-әрекетінде баланың миын дамытуға және жетілдіруге әр түрлі моториканы дамытуға және жақсартуға тікелей байланысты. Оқыту әрекетінде айтылу, көру, ойлану функциялары қымыл-қозғалыспен байланыстырылатыны айқын, сондықтан бала психофизикалық белсенділігін көрсетеді. Мысалы, Гленн Доманның әдісіне сәйкес сөздің жанында тиісті суретті орналастыру ұсынылады. Жазулар үлкен және қызыл әріптермен жасалады. Оқытуға үйрету техникасы стандартты оқыту әдісі бойынша баланың сөзді есінде сақтайтындығына негізделген, бала бір буынды сөзді айтуға, оқуға үйренеді. Практикалық қолданыс аясында бұл әдіс үй жағдайында ата-аналар балаға сөйлеу дағдысын қалыптастыруға тиімді әдіс дей аламыз. Ерте жастан бастап баланың суретке қарап диалогқа түсуге, әңгіме құрастыру, сұраққа жауап беру, жағдаяттық сұрақ қою дағдылары дамытылады.

Мысалы, Жеміс-жидектер жайында (алма, өрік, шие, тс.с.)баламен сөйлескенде суреттер арқылы әріптермен таныстыруға, бір буынды сөзді әріптерді талдап оқытуға, сурет бойынша сұрақтарға жауап беруге, өз пікірін айтуға үйретуге төмендегі карточкаларды пайдалану немесе сурет болмаса зат түрінде қолмен ұстап отырып, жұмыс жүргізуге болады. Суреттік карточкаларды ата-аналар өз қолдарымен де жасай алады.

А-Л-М-А. АЛ-МА. АЛМА. Қандай алма?

 

Ө-Р-І-К, ӨР-ІК, ӨРІК, Қандай ӨРІК?

 

Ш-И-Е, ШИЕ, Кандай шие?

Мамандар тарапынан ата-аналардың жадына баланың жас ерекшелігіне қарай қабылдау уақытына ерекше мән беру қажет және ұсынылатын оқу материалы жеңіл әрі күнделікті практикалық қолдануға болатынын ескеру.

 

 

 

 

 

 

Скачать работу

Получить программу конференций

Получить программу конференций

пригласи друга и получи дипломы
пригласи друга
Пожалуйста, подождите.
x