Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 18.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Қаржы жүйесі ☼

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Кыздарбекова А.С.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Қыздарбекова А.С
Aseta_ks@mail.ru
Қаржы жүйесі және оның құрылымдық ерекшеліктері
Жасалынған қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу үдерісі бұл қатынастардың бір-біріне қарама-қарсы әрекеттерінде – мемлекеттік биліктің институттары деңгейінде және ұдайы өндірістік үдерістің қалған субъектілерінің: бизнес және де үй шаруашылықтары субъектілерінің деңгейінде ақшалай қаражаттардың қорларын қалыптастырумен байланысты деп қарастырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылықтары деңгейінде қалыптасқан ақшалай қаражаттардың қорлары орталықтандырылмаған қаржылық ресурстар деп аталады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылықтары табыстарының бір бөлігін қарастыра отырып, мемлекет қоғамдағы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етумен байланысты функцияларды атқаруға оған қажетті ақшалай қаражаттардың қорлары орталықтандырылған қаржылық ресурстар деп аталады.
Жалпы жиынтықта ортандылықтандырылған және ортандылықтандырылмаған қорлар мемлекетттік қаржы жүйесін құрайды.
Қаржы жүйесі экономикалық организмнің қан жүргізетін жүйесі болып табылады. Яғни бұл ағзаның бір мүшесі деп те атауға болады. Бүкіл экономиканың қалыпты жұмыс істеуі осы сферадағы істердің жай күйіне байланысты болады.
Елде экономикалық бағдарламармен қатар қаржылық ресурстарды жұмылдыруда және оларды тиімді пайдалануда қаржы жүйесінің әрекетінде айқын ғылыми негізделген қаржылық стратегия мен тактикасының әзірленбейінше экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру саласындағы барлық шаралар сәтсіздікке ұшырайды немесе тиімісіз болады деп айтуға болады.
Бұл үдерісте қалыптастырылатын орталықтандырылған қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалануда басқару технологияларының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттің қаржысы ерекше рөл атқарады.
Қазақстанның қаржы жүйесі мен ұлттық экономиканың мемлекеттік секторының дамуы мемлекет қаржысының мәнін, рөлін және мазмұнын түсіндіруде және көптеген мәселелерді анықтауда көрініс табады.
Әсіресе, Түрғын үй құрылысы жинақ банкі АҚ, Қазақтелеком АҚ және т.б сияқты қаржылық және қаржылық мемлекеттің қаржы жүйесінің бұрынғы классикалық құрылымын қайта қарастыру қажеттігін белгіледі. Мәселен, бизнестің субъектілері бұрын қаржы корпорацияларының қатарына кірген болса, экономикадағы Самұрық- Қазына ҰӘҚ АҚ және Казагро АҚ сияқты басқару холдингтерінің пайда болуы құрылымды түсіндіруде өзгертілген тәсілдемені қолдану қажетттігін анықтайды.
Әлемдік практикада қаржы жүйесінің екі тұрпаты белгілі: жабық және ашық. Жабық қаржы жүйесінде қатаң қалыптасқан шекаралары болады, оның әрекеті ортаға, қоршаған жүйеге тәуелсіз болып келеді. Жоспарлы-директивалық экономика жағдайында жабық жүйе қызмет етті, оның әрекеті мыналарға байланысты болды:
Мемлекет өндіріс құралдарының, жер меншігінің, сонымен қатар ірі жылжымайтын мүліктің меншік иесі болды.
Валюта бағамы қатаң тіркелген болып белгіленді.
Жоспарлы айырбасталымдылық, қатаң белгіленген жоспар шектерінде кәсіпорындардың отандық валютасын шетел валютасына айырбастауды қарастырды.
Жекетұлғалар үшін шет ел валютасын еркін сатып алу сату болмады
Ірі мөлшерде валюталық құндылықтарды азаматтар мен кәсіпорындар емес тек мемлекет әрекет ете алатын және т.б
Ашық қаржы жүйесі қоршаған сыртқы ортамен қарқынды өзара әрекет жүргізудің жоғары деңгейімен көзге түседі.
Рыноктың экономика жағдайларында қаржы жүйесінің ашықтығы, ең алдымен, меншіктің әр түрлі нысандары және кәсіпорындардың ұйымдастырушылық өндірістік тұрпаттары мен шектелмеген мөлшерде валютаны сату және сатып алу мүмкіншілігімен; қызметтің әр түрлі сфераларында сыртқы экономикалық операцияларды жүргізумен; халықаралық қаржы ұйымдары мен институттардың қызметінде қатысуымен сипатталады. Ашық қаржы жүйесі ұлттық экономиканы дамыту мүддесіне қарай реттеледі, қаржы және оның рыноктық негіздерінің даму дәрежесін бейнелейді. Рыноктың қатынастардың даму дәрежесі белгілі бір елдің қаржы құрылымындағы буындардың басымдылығын анықтайды.
Қаржы экономикалық категория ретінде қаржы жүйесінің буындары арасындағы өзара қатынастардың қайта құруларға байланысты болады. Бұл ең алдымен, макродеңгей қаржысы мен микродеңгей қаржысы арасындағы өзара байланыстарға қатысты.
Микродеңгей қаржысы деңгейі және ең алдымен мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканың негізін білдіретін бизнес субъектілерінің қаржылық әлеуетіне негізделеді. Қаржы экономикалық дамудың жалпы мақсаттарына жетуге ықпал етеді, сондықтан оларды оңтайлы ұйымдастыру қажет. Ұйымдастыру тәсілі қаржының сапалы анықталуын белгілейді. Мемлекетте қаржылық ресурстарды бөлу және пайдалану қаржы ағындарын басқарудың біріктілірілген жүйесі аясында жүзеге асырылады.
Қаржы жүйесі, шын мәнінде ұдайы өндірістік үдерістің қатысушылары арасында бөгіштік ақшалай қатынастарды ұйымдастырудың нысаны болып келеді. Осы қатынастар туралы сөз болып отырғаннан кейін, бұл қатынастардың субъектілерімен құрылу деңгейлері бөліп көрсетілуі мүмкін. Экономикалық өсудің рыноктық факторлары тұрақты дамытуды өзінше қаматамасыз етуге жеткілікті емес.
Осыған байланысты мемлекеттік эконмикалық саясатты жүзеге асыру механизмі болуы тиіс тиімді қаржы жүйесін күшейту қажет.
Қаржы жүйесі-елдің базалық экономикалық мүдделерін қамтамасыз етудің негізгі механизмі. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін дамытудың мемлекеттік саясаты рыноктық және мемлекеттік реттеудің оңтайлы үйлесімін ескере отырып, әлемдік қаржы жүйесіне негізделген.
Қаржы жүйесі ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылына түсуі болып табылады. Қаржы жүйесі ұғымы тар және кең түсінікте қарастырылуы мүмкін. Қаржы жүйесі терминнің төменде келтірілген анықтамасы тар мағынада берілген: негізінде тиісті қаржылық ресурстар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарға әкімшілік ететін органдардың жиынтығын қамтиды.
Жүйеде қалыптасатын қатынастар негізінде жиынтық қоғамдық өнім құнын бөлу үдерісінде сан алуан қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай табыстарды, қорланымдары және қорларлды қалыптастыру және пайдалану арқылы пайда болатын экономикалық қатынастар ретіндегі қаржының өзі қойылғаны түсінікті.
Қаржы жүйесі түрлі критерийлері бойынша сипатталады. Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілрген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесінің сыныптаудың қағидасының моделі қойылған болатын. Осы криткерийге байланысты сәйкес қаржы жүйесі үш бөліктен тұрады:
Қаржылық қатынастардың жиынтығы
Қаржылық ресурстарлдың житынтығы
Басқарудың қаржылық аппараты
Қаржы жүйесіне сипаттама бере отырып, біріншіден қаржы жүйес қаржылық қатынастардың күрделі жүйесі екенін атап көрсеткен жөн болады. Бұл қатынастардың нәтижесі, екіншіден, ұдайы өндірістік үдерістің әртүрлі қатысушылары жасайтын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық ресурстар қорларының жиынтығы болып табылады. Сондай ақ үшіншіден, бұл осы қатынастарды тікелей іске асыратын институттардың жиынтығы.
Сөйтіп Қазақстанның қаржы жүйесі өзара байланысты әрекеттерден және элементтерден тұрады. Яғни олар: мемлекеттің қаржысы, шаруашлықты жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруасының қаржысы. Бұл жүйенің жетекші элементтің мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит және арнаулы бюджеттен тыс қорлар болып көрінетін мемлекеттік және орталықтандырылған қаржы болып табылады. Орталықтандырылған қаржының түрлі деңгейінде жасалатын ақшалай қаражат қорларының көлемдері мен мақсатты арналымы мемлекеттік басқарудың жалпы жүйесінде әрбір деңгей орындайтын функциялардың құрамы мен мазмұнынан танылған.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің белгісі бойынша сыныпатау қолданылады. Бұл қаржы жүйесінің сыныптауы бойынша қолданылады немесе пайдаланады. Бұл қаржы жүйесін буындар бойынша мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың қаржысына межелеуге мүмкіндік береді.
Қаржы жүйесінің функциялық құрамы негізгі қағидаттары бар:
Қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақшалай қатынастардың аса кең шеңберін қамти алады. Бұл жалпы категория болып табьылатын қаржыға тән қасиет болып табылады.
Тұтас алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективьті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы сипаттамаларында және функциялық арналымына сәйкес келеді.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы кредит жүйесуінің жалпылама сипамттама да бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай ақ кредит жүйесіде кіріктіріледі. Қаржы кредитт жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық сферасында қызмет етеді.
Әдебиеттер тізімі
1.Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы, Алматы: 2011.
2.Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система Казахстана. Становление и развитие. Астана: 2008.
Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×