Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 21.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Қазақ тілінен сабақ жоспары ☼

Дата публикации:
Описание:

Автор: Шалабаева Гульжанат Казымбетовна

http://Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала. Мақсаты:1.Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. 2.Дамытушылық : алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту, 3.Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында ,қаламызды сүюге тәрбиелеу. Сабақ жоспары Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқыту, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу, түсіндіру Көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, мәтін, слайдтар, ән айту, сөзжұмбақ Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка Эпиграф:Астана –жаңа қала,арман қала..... Барысы: 1.Ұйымдастыру 2.»Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу 3.Астана туралы фотоальбом көру 4.Мәтінмен жұмыс 5.Сөздік жұмысы. 6.Дәптермен жұмыс: деңгейлік тапсырма 7. «Шын немесе жалған» 8.Сергіту сәті 9 Қорытындылау: Бес жолды өлең 10Үйге тапсырма 11.Бағалау І.Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Әнұран айту. -Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыныздар. -Бүгін нешесе? Аптаның қай күні? ІІ. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу.Бүгінгі сабақ,балалар,ерекше сабақ. Ал сабақтың тақырыбын ашу үшін,сөзжұмбақты шешеміз. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңдар. Сонымен,балалар қаңдай сөз шықты? – А с т а н а ІІІ. Aстана — фотоальбом көру. Астана десе ойыңызға не түседі? - Қаланы аралап көргілерің келе ме? - Ендеше, бәріміз бірге Астана қаласына саяхат жасайық. Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтыру IV.Мәтінмен жұмыс :а)мәнерлеп оқу, аудару. Астана – жас қала Астана – Қазақстанның жаңа астанасы.ол Солтүстік Қазақстанның Ақмола облысында орналасқан.Оның жазы салқын,қысы суық. Онда өндіріс орындары көп.Қала үлкен, әдемі.Жаңа, әдемі ғимараттары, ықшамаудандары салынып жатыр. Астанаға қонақтар көп келеді. V Сөздік жұмысы: орналасқан-расположен өндіріс- промышленность ғимарат-здание ықшамаудан – микрорайон қонақ - гость Сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру.Тақтада жазу. «Ой қорыту» - 7 сұрақ 1. Қазақстанның астанасы қай қала? 2. Ол Қазақстанның қай жерінде орналасқан? 3.Оның жазы,қысы қандай? 4. Онда нелер көп? . 5. Қала қандай? 6. Қалада нелер салынып жатыр? 7. Астанаға кімдер көп келеді? VI Дәптермен жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар III – деңгей: 1-тапсырма: сөздерді қазақ тіліне аударып,сөз тіркесін тап. новая столица ғимараттар расположен қонақтар промышленность орналасқан здания жаңа астана гости кәсіпорын II- деңгей: 2-тапсырма: Дұрыс сөйлем құра: 1. Астана, қала, жас. 2. Астана, облысында, орналасқан,Ақмола. 3. Астанада,орындары,көп,өндіріс. 4. Астанаға, қонақтар, келеді,көп. I – деңгей: «Астана» туралы әңгіме құрастыр Грамматикалық материал: Қайталау 1. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап шығыңдар. Бір сөзді септеңдер. 2. Тәуелдік жалғауларын айтып беріңдер. Мысал келтір:…. Тапсырма : Мына сөздерді септе:(Топтық жұмыс). 1 топ: үй, автобус. 2 топ: кітап, сөмке. 2.тапсырма:Мына сөздерді тәуелде: 1 топ: 2 топ: Отан, ел Астана, жер VII. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны. 1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Көкшетау ( ... ). 2.Астана – болашағы үлкен қала ( ... ). 3.Менің қалам онша үлкен емес, бірақ өте әдемі ( ... ). 4.Қалаға көп қонақтар келмейді ( ... ). 5.Мен Көкшетау қаласында тұрамын ( ... ). VIII.Сергіту сәті: Оң жаққа, оң жаққа Алға бір адым басамыз, Сол жаққа, сол жаққа. Артқа бір адым басамыз, Биікке қараймыз, Орнымызды табамыз. Төменге қараймыз. IX.Сабақтың соңы: 1. Қорыту: Бес жолды өлең құрастыру: 1. 1 зат есім: Астана. 2. 2 сын есім: әдемі,жаңа 3. 3 етістік: гүлденеді,дамиды,өзгереді 4. 4 сөзді сөйлем: Астана- жаңа жас қала 5. синонимін табу: Елорда. X. Дәптерімізді ашамыз,үй жұмысын жазамыз: 1.Үйге: «Астана» мәтінін мазмұндау, 2.альбом жасау; XI.Баға қою

Пожалуйста, подождите.
x
×