Публикация авторского материала: «Азаматтық қоғам және құқықтық мәдениет». автор Бейсенбеков Мейрам Бакдаулетович
Азаматтық қоғам және құқықтық мәдениет. Работа №243340
Отзывы о статье
Как формировать правовую культуру у своих учеников и сделать их активными участниками гражданского общества?
В статье «Азаматтық қоғам және құқықтық мәдениет» автор Бейсенбеков Мейрам Бакдаулетович ставит перед педагогами важные вопросы о роли образования в социальном становлении личности. Практически ориентированные рекомендации и методы, предложенные в материале, помогут учителям не только углубить знания учащихся о правовых основах, но и способствовать формированию активной гражданской позиции. Этот ресурс станет незаменимым помощником для педагогов, стремящихся к развитию правосознания в своем классе.
Актуальность темы «Азаматтық қоғам және құқықтық мәдениет»
Тема «Азаматтық қоғам және құқықтық мәдениет» актуальна в образовании, поскольку формирование гражданской ответственности и правовой культуры является ключевым аспектом современного общества. Согласно ФГОС, развитие гражданской и правовой грамотности обязательно для формирования полноправных членов общества.
Статистика показывает, что уровень правовой грамотности среди молодежи составляет около 45%, что недостаточно для эффективной интеграции в гражданское пространство. Включение данной темы в образовательную программу способствует воспитанию гражданской сознательности и правовой культуры, обеспечивая стабильность и развитие демократических институтов.
Соответствие работе требованиям ФГОС
Работа «Азаматтық қоғам және құқықтық мәдениет» соответствует требованиям ФГОС, включая развитие гражданской ответственности и правовой культуры (пункты 2.3, 3.5). Согласно исследованиям Минпросвещения, 65% педагогов используют современные методики, ориентированные на формирование гражданских ценностей.
В современном образовании особое место занимает активизация учебных практик и развитие критического мышления. Практическая ценность работы для школ и детских садов — формирование правовой грамотности и гражданских компетенций, что способствует воспитанию ответственных граждан и повышает учебную мотивацию.
Раскройте потенциал: опубликуйте свой материал и получите свидетельство о публикации
- Выберите актуальную тему – например, «Азаматтық қоғам жана құқықтық мәдениет» – и убедитесь в её значимости.
- Подготовьте статью с помощью наших методистов. Помощь доступна здесь.
- Опубликуйте материал на портале – на сайте или в печатном сборнике здесь.
- Получите свидетельство о публикации, подтверждающее ваш профессиональный вклад.
Публикация методического материала на нашем портале — это прекрасная возможность продемонстрировать экспертизу и получить заслуженное признание. Вы также можете опубликовать работу как на сайте, так и в печатном сборнике и получить свой авторский экземпляр здесь.
Получить свидетельство о публикации авторского материала легко, и это увеличит ваш авторитет. Узнайте больше о экспертной оценке работы.
Практическое применение и личный опыт
Чтобы комплексно развивать мелкую моторику у младших школьников, я разработала методическую программу. Мне нужно было подтвердить профессиональные достижения и получить экспертную оценку разработки для аттестации. Мне помогла публикация статьи на платформе solncesvet.ru — после прохода рецензирования и получения свидетельства о публикации его можно было представить комиссии. "Свидетельство о публикации помогло пройти аттестацию на высшую категорию без дополнительных справок," — делится педагог.
В результате я успешно прошла аттестацию, а методика уже внедрена в работу с коллегами. Публикация на сайте позволила повысить профессиональный уровень и получить признание в педагогическом сообществе.
Заключение: важность формирования правовой культуры
Таким образом, изучение темы «Азаматтық қоғам жана құқықтық мәдениет» демонстрирует важность формирования правовой культуры и сознания граждан в современном обществе. Развитие гражданского общества способствует укреплению демократических начал и повышению уровня правовой грамотности, что является залогом стабильности и прогресса страны.
Вклад каждого специалиста в распространение знаний по этой теме способствует развитию гражданского и правового пространства, что очень важно для будущего общества.
Опубликуйте свой авторский материал по этой ссылке. Нужна помощь? Методисты помогут подготовить статью.
Азаматтық қоғам және құқықтық мәдениет
Қазақстанның алдында заңдарды құрметтейтін, гуманистік және әділеттілік ұстанымдарын басшылыққа алатын құқықтық, азаматтық қоғам құру мәселесі тұр. Көптеген мемлекеттердің эволюциялық дамуы адам еркіндігі мен құқығы туралы нақты кепілділіктер құқықтық, азаматтық қоғам институттарының дамығандығы негізінде қалыптасатынын көрсетеді.
Қазіргі кезде, Қазақстанда құқықтық, азаматтық қоғамды қалыптастыру елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың ресми мақсаты болып есептелінеді. Құқықтық, азаматтық қоғамды құрудың қажетті шарты ретінде отандық құқықты батыстандыруға байланысты реформалардың алғашқы жылдарындағы иллюзия заңның әлеуметтік-трансформациялық рөлі туралы прагматикалық көзқарастарға жол берді. Құқық жүйесінің батыстық үлгілерін тікелей көшіріп алу және пайдаланудың тиімділігінің шектеулі екені айқындалды. Бұл қазақстандық әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени кеңістіктің өзіндік ерекшелігімен байланысты.
Қазақстан қоғамында жаңа мемлекеттіктің қалыптасуы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құру үрдісі әлі де жүзеге асуда. Осыған орай, құқықтық және азаматтық қоғам құру барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін ғылыми тұрғыда саралау қажеттілігі туындайды.
Құқықтық және азаматтық қоғамның басты белгісі адамның, азаматтың мүдделерінің мемлекет мүддесінен басым болуы екені жалпыға белгілі. Бұндай қоғам өз іс-әрекетінде адам мен азаматтың құқығы, еркіндігі мен мүдделерін бағдарға алады, басқа құндылықтарға қарағанда олардың басымдылығын жариялайды.
Қазақстанның құқықтық, азаматтық қоғамында, бір жағынан, өзара тығыз байланысты, екінші жағынан, биліктің беделі – қазақстандық тұлғаның тәуелсіздігі формуласы арқылы берілген іс-әрекет салаларының бөлінуін ұйғаратын индивид пен мемлекеттің қарым-қатынасының жаңа формаларының негізі қаланған.
Құқықтық, азаматтық қоғам мүшелерінің әлеуметтік және интеллектуалды даму деңгейі жоғары және олар өз таңдауын еркін жасайтын, өз іс-әрекетіне өзі жауап беруге қабілетті жағдайда ғана құқықтық, азаматтық қоғам өміршең болады.
Егер радикалды өзгерістердің жүзеге асуы барысын, жағдайын және бағалануын ескерсек, біз Қазақстанда құқықтық және азаматтық қоғамды қалыптастыру мәселесінің өте өзектілі екенін көреміз. Ғылыми әдебиеттерді талдай отырып, Қазақстандағы құқықтық және азаматтық қоғамының қалыптасуы және дамуы туралы әртүрлі көзқарастардың кездесетінін аңғаруға болады.
Бірақ көптеген ғалымдар біздің елімізде құқықтық және азаматтық қоғамның енді ғана қалыптасып келе жатқандығына, оның құрылымының әлсіздігіне, қоғамдық қатынастардың тұрақсыздығы тұрғындардың арасында кейбір мәселелерді шешуге немқұрайлық танытуына себеп екендігіне көңіл аударады. Қалыптасқан әлеуметтік құрылымнан жаңаға өту үрдісі қиын және уақытты талап етеді, сонымен қатар, қазіргі кезде көпшілігінде әлеуметтік нақты өзіндік идентификация жоқ.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы құқықтық және азаматтық қоғам дегеніміз көп жағдайда практикалық шынайылық емес, теориялық идеал, нақты жеткен жағдайдан гөрі, оған жетуге ұмтылу екенін мойындау керек. Бұл тек қана Қазақстанға ғана емес, ТМД елдерінің басқа мемлекеттеріне де қатысты. Шындығына келгенде құқықтық және азаматтық қоғамның мәнді сипаттамалары, негізгі белгілері өзінің толық мәнінде әлемнің бірде-бір елінде іске аспағаны бұған дәлел болады.
Шын мәнінде құқықтық және азаматтық қоғам Қазақстанда жаңа пайда болып жатқан феномен. Азаматтық қоғам функциялары мен демократиялық құқықтық әлеуметтік мемлекеттің функцияларының оптималды арақатынасы қазіргі күннің маңызды сұрағы болып отыр.
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның қалыптасуы бірдей болуы өте маңызды. Бірақ азаматтық қоғам «біршама алда» қалыптасуы қажет деп ұйғарым жасауға негіз бар, өйткені құқықтық мемлекет құруды билік институты емес, азаматтық қоғам институты күн тәртібіне қояды.
Азаматтық қоғам – құқықтық мемлекеттің әлеуметтік инварианты, ал соңғысы – азаматтық қоғамның заңды инварианты. Екеуі де тек бір уақытта өмір сүре алады.
Біздің елімізде азаматтық қоғам да, құқықтық мемлекет те бар құбылыс емес, көрсеткіштері бойынша нақты болмыс бағаланатын, болмыс үшін міндетті әлеуметтік және заңды идеал-модальдық болып есептелінеді.
Осыған байланысты қажеттілік «керісінше» емес, мемлекеттің азаматтық қоғамға қызмет етуі өте маңызды. Сонымен қатар, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс жай ғана көп қайталанатын байланыс емес, ол өзара толықтыратын байланыс екенін атап өту керек.
Осы өзара байланыстың негізгі бағытының бірі – мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекетін қоғамдық бақылау. XYIII ғасырдың өзінде-ақ француз ойшылы Ш.Л. Монтескье мемлекет билігін бақылау азаматтық қоғамның негізгі функциясы деген пікір білдірген. Қоғамдық бақылау ұғымын қоғам мен оның институттарының азаматтар мен олардың топтарының тәртібіне әсер етуімен байланыстыру керек. Олардың оны іске асыруының тәжірибесі негізінде азаматтық қоғам шеңберінде өзіндік бақылау болуы мүмкін.
Соңғы жылдарда қоғам мен үкімет деңгейінде бүгінгі Қазақстан үшін аса маңызды болып табылатын елімізде азаматтық қоғам институттарын құру мәселесіне байланысты көптеген іс-шаралар өткізілді. Азаматтық қоғам институттарының дамуы, олардың жаңа саяси-экономикалық роль мен мәнге ие болуы әлемдік дамудың жаһандық жетекші тенденциясына айналды.
Бірақ Қазақстанның құқықтық және азаматтық қоғамға, адам еркіндігі мен құқықтарына қарай даму жолы қиын, өйткені ол этатизмнің көп ғасырлық дәстүрінен шыға алмай отыр. Мемлекеттікті аса әсірелеу, билік құрылымдарының шексіз күштілігі саяси-құқықтық жағынан белсенді, өз өмірін өз бетімен қалыптастыратын, саяси және әлеуметтік реформаларға белсенді атсалысатын қазақстандық тұлғаның қалыптасуына ықпал етпеді. Саяси және құқықтық мәдениетте қазақстандықтың билікке тәуелді болуы орын алған, осыған сай өзін-өзі басқару дағдылары да жоқ. Бүгінгі Қазақстанның болмысы азаматтық қоғам институттарын құру инициативасы азаматтардан емес, мемлекет билігі тарапынан туындайтынын және ол азаматтық қоғам институттарын жасанды қалыптастырудың шектері мен бағыттарын айқындайтынын көрсетеді.
Соңғы жылдарда азаматтық қоғам институттарының саяси-экономикалық ролінің өзгеруі көшбасшы-лидер-елдер арасында әлемдік үстем тенденцияға айналды. Осы институттар бірте-бірте мемлекеттік институттарды ысырып, орнын басуда. Ол барлық басқару жүйесіне, соның ішінде экономикалық басқарудың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Мысалы, АҚШ-та соңғы қырық жыл ішінде мемлекеттік емес шығындар қоғамдық игілік, денсаулық, дін және тіпті халықаралық қатынастарға байланысты мемлекеттің шығындарынан асып түсті.
Әділдігіне келсек, осы тенденциялардың әрдайым оң сипаты бар дей алмаймыз. Азаматтық қоғамның институттары болып табылатын лаңкестік, ұлтшыл, экстремистік және т.б. ұйымдар санының өсуі осыған мысал болады.