Қазақтың ұлттық тағамдары | Бекмагамбетова Лаззат Жарасовна. Работа №256737
Автор: Бекмагамбетова Лаззат Жарасовна
Бұл мақалада қазақтың ұлттық тағамдары туралы жаздым.
Қостанай облысы
Лисаков қаласы
«№ 1 орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бекмағамбетова Л.Ж.
Мақаланың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамдары».
Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпаққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.
Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.
Қазақ халқы қонақжай болғандықтан, үйге келген кісілерге арнап пісіретін тағамдарға аса көңіл бөліп отырған. Арнайы келген қонақтарға көбінде - бешбармақ дайындалады.
Бешбармақ үйге келген сыйлы қонақтарға тарту етілетін ет. Қонақтардың жасына, дәрежесіне қарай, табақ-табақ ет тартылады.
Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.
Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.
Қымыз жылқы сүтінен алынатын сусын. Қымыз - ашытқы арқылы ұйытылып, күбіге пісіліп, ысталып жасалады. Той, қонақ күтуде дастарханның маңызды керемет сусыны. Шөлінді қандырады. Қазақ халқы қымызды батырлары сусыны деп те атаған.
Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.
Қазақтың ұлттық тағамдарын қазақ халқы қадірлеп және жоғары баға берген.