Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 21.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

БІРЕГЕЙ ОҚУ ОРНЫ | Акимбаева К.Т.. Работа №239298

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Акимбаева К.Т.
Жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жаңғырту, оның ішінде кәсіби құзыреттілік шеңберін кеңейту шаралары жүзеге асырылуда. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту шаралары Қазақстанның 2010 жылы Болон декларациясына қол қойған кезінен бастап қолға алынған болатын. Бірыңғай Европалық білім кеңістігін қалыптастыру жөніндегі Болон декларациясы негізгі үш қағиданы қамтиды: құзыреттілік тәсілі, модульдік құрылым, оқу жүктемесінің көлемін ЕСТS кредиттерінде есептеу. Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде осы қағидалар толықтай қолданылуда.

БІРЕГЕЙ ОҚУ ОРНЫ

 

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.

Жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жаңғырту, оның ішінде кәсіби құзыреттілік шеңберін кеңейту шаралары жүзеге асырылуда. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту шаралары Қазақстанның 2010 жылы Болон декларациясына қол қойған кезінен бастап қолға алынған болатын. Бірыңғай Европалық білім кеңістігін қалыптастыру жөніндегі Болон декларациясы негізгі үш қағиданы қамтиды: құзыреттілік тәсілі, модульдік құрылым, оқу жүктемесінің көлемін ЕСТS кредиттерінде есептеу. Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде осы қағидалар толықтай қолданылуда.

 

 

Бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуы қашан да өзекті мәселе, университет бұл мәселені бұған дейін де талдап отырған, дегенмен, талап күшейген сайын, оған сай келуге талпыну да қажет. Осы мәселені шешу мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан шаралардың бірі жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату, оларды тек оқу жоспары бойынша оқылатын пәндерді анықтауға ғана, немесе тәжірибелік мәнді дәріс оқуға шақырып қана қоймай, олармен студенттерді тікелей кездестіру, бүгіннен бастап нақты жұмыс орнында белгілі-бір жұмыс көлемін орындау мүмкіндіктерін, осылайша тәжірибелік біліктілігін арттыру жағы жан-жақты қарастырылған.

Университет оқытушылары инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпарттық  проблемаларды шеше алатын, студентпен бірлесіп орындайтын жаңа үлгілерін жасай алатын тұлға болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі екендігін жете түсіндіреді. Сонда ғана оқытушы білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді.

Бүгінгі күні заманауи технологиялар күн сайын жаңарып, заман талабына сәйкес білім беру үшін кафедра оқытушылары да үнемі ізденіс үстінде. Даму үдерісіне үлгере алмаған оқытушы заманына сай маман даярлай алмайтындығын тілге тиек етсек, оқытушы ең озық технологияларды жете меңгерген, тек теориялық тұрғыдан қаруланған емес, практикалық тұрғыдан машықтанған кәсіби құзыретті болғаны жөн. Әр оқытушы студентті кім үшін және не мақсатпен дайындап отырғанын білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алатындығына сеніммен қарайды.

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Акимбаева Қ.Т.

 

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×