Название статьи:
Генетиканың даму тарихы. Г.Мендель, оның еңбектері. Доминантты рецессивтік белгілер | Асжанова Мантай Айтмамыровна. Работа №240213
Дата публикации:
02.05.2020
Автор:
Асжанова Мантай Айтмамыровна
Описание:
Автор: Асжанова Мантай Айтмамыровна
Открытый урок по биологии для групп с казахским языком обучения.
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу-әдістемелік
жұмысы жөніндегі орынбасары
____________ Жантелиева.Л.О
_____________2018 ж.
Ашық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Пәні: Биология
Тақырыбы: Генетиканың даму тарихы. Г.Мендель, оның еңбектері. Доминантты рецессивтік белгілер
Мамандық: 0304000 Стоматология
Семестр: I
Курс: 1
Сабақ өткізу
күні: 04.11..2018 жыл
Ф.И.О.
Қызметі
Қолы
Құрастырушы:
АсжановаМ.А
Биология пәнінің оқытушысы
Ашық сабақтың әдістемелік нұсқаулығы ЖБЖӘЭ пәндер бөлімінің әдістемелік кеңес отырысында талқыланып, мақұлданған
Хаттама № __
___ ________ 2018 г.
Циклдік әдістемелік кеңес төрайымы_______
Асжанова М.А
___________________
Сабақтың тақырыбы: 36, 37 Генетиканың даму тарихы. Г.Мендель, оның еңбектері. Доминантты рецессивтік белгілер
Мақсаты: Генетика ғылымның шығуы және дамуы, Г.Мендель, оның еңбектері генетикалық ұғымдармен және таңбалармен таныстыру
Білімділік: Генетика ілімінің даму тарихын талдай түсіндіре отырып, білім алушыларға генетика биология ғылымдарының басқа салалары арасында маңызды ғылым екенін оқыту
Дамытушылық: Генетика ілімінің дамып –жетілуіне үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін оқып-үйренуді жетілдіре отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ақпарат құралдары арқылы жаңа иновациялық әдістерді пайдалана отырып білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ,тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әрекеті, СТО жобасының стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакаттар, компьютер, электронды оқулық, суретті тапсырмалар, тірек сызбалар,
Пән аралық байланыс: химия, математика, тарих, әдебиет
Сабақтың өту барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин
2 Үй тапсырмасын сұрау: 30 мин
3 Үй тапсырмасын бекіту: 7 мин
4 Жаңа сабақты түсіндіру:30 мин
5 Жаңа сабақты бекіту: 10 мин
6 Үйге тапсырма беру: 5 мин
7 Білімді бағалау:5 мин
Ұйымдастыру кезеңі:
Блімгерлерді тізім бойынша белгілеу, сырт көрінісін, сабаққа дайындығын тексеру.
Біз бүгінгі сабағымызды 2017 жылы еліміздің астанасында өткізілгелі отырған 3 айға созылатын ( маусым, шілде, тамыз) халықаралық көрмеЭКСПО-2017-ң құрметіне арнамақпыз. Көрмеге 5 млн астам адамдар қатысады. Оның 85% қазақстандықтар, ЭКСПО-2017-ң мақсаты қуатты үнемдеу, яғни . күн, жер жел, теңіз мұхит суларының энергетикалық ресустарын пайдалану. Жоба бойынша 100га аумаққа 4 қалашық салынады. Олар –Өмір, Әлем, Ғарыш, Сана. Осы қалашықтарға ену үшін алдымызда кедергілер кездеседі, сол кедергілерді жоюымыз қажет. Сабаққа белсене қатысқан білімгерлерге, топқа ЭКСПО-2017 төсбелгілері беріледі. Сонымен сабақ басталды .Іске сәт!
Білімгерлерді топқа бөлу.
I топ Биология топ басшысы: Мұхаметғалым Зара II топ Генетика топ басшысы: Серикбаева Дана III топ Цитология топ басшысы: Қалмұратов Мәди Әр топ өз ұстанымдарын айтып топтарын қорғайды.
II Үй тапсырмасын сұрау
1. Өмір қалашығы Заманауи киіз үй авторы Адриан Смит (АҚШ)
Өмір қалашығына ену үшін мынандай кедергі кезікті
I Қызығушылығын ояту сатысы
Миға шабуыл
Сандар сөйлейді
1)3 кезең, 2) 4 фаза , 3) 1841ж 4) 46 , 5) 1915ж, 6) 22, 7) 4 аймақ, 8) бөлінуі 2 кезең, 9)23, 10) 1898ж
Жауаптары: 1- Интерфаза кезеңі,2- Митоз фазалары,3-Амитоз процесін ашқан Г. Ремак,4- Адамдағы хромосома саны 5- Эндоспермнің триплоидті табиғатын М.С. Навашин ашты 6-Аутосомды жасушалар саны 7- Жыныс жасушаларының даму аймақтары 8- Мейоз процесі,9- Жыныс жасушасының хромосома саны,10- Қосарланып ұрықтанудың ашылған жылы
2.Термин сөздермен жұмыс
1.Кроссинговер 2. Конюгация 3. Ген. 4. Редукция. 5. Локус 6. Ахроматин 7.Цитокинез 8.Партогенез
Жауаптары:
Кроссинговер- гомологті хромосомалардың бөліктерінің өзара алмасуы немесе хромосомалардың айқасуы.2 Конюгация- гомологті хромосомалардың бөліктерінің өзара жақындасуы немесе жабысуы.3 Ген- хромосоманың белгілі бөлігіне орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі.4 Редукция- хромосома санының екі еселенуі.5 Локус- геннің хромосомада орналасқан орны.6 Ахроматин- жасушаның митоздық мейоздық бөлінуі кезінде пайда болатын жіпшелер.7 Цитокинез- телефаза соңында цитоплазманың бөлініп, тең екі жас жасушаның пайда болу құбылысы.
8.Партогенез- ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы
2 Әлем қалашығы- Болашақ әлемі жобасы, авторы КАЗ Гор жобалау академиясы.
Бұл қалашыққа ену үшін келесі кедергіні жеңуіміз қажет
Кластер әдісі
Топ басшыларын ортаға шақырып топтарға тапсырма беру
I топ Биология Митоз және Мейоздың ерекшелігін көрсет
II топ Генетика Сперматогенез мен Овогенездің құрылыс ерекшелігін көрсет
III топ Цитология Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануының ерекшеліктері
3 Ғарыш қалашығына ену үшін төмендегі кедергіні жеңу қажет.
Венн диаграммасы әдісі
I топ Биология
Митоз және Мейоз фазаларының ұқсастығы мен айырымашылығын сипаттау
II топ Генетика
Гаметогенез. Сперматогенез мен Овогенезді салыстыру сиппаттау Ұрықтанудың генетикалық маңызы
III топ Цитология
Гүлді өсімдіктердің аналық және аталық жыныс жасушаларының дамуын сипаттау
Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануының мәні
Әр топ берілген тапсырмаларын топ ішінде талқылап, сызба, сурет түрінде өз ойларын түйіндеп түсіндіреді. Жақсы жауап берген топ мүшелеріне ЭКСПО-2017 төс белгілері
беріледі.. Тапсырма бойынша айтылмай кеткен жерлері болса, басқа топ мүшелері сөз алып толықтырып, сұрақ қойып отырады. Әр топ тапсырма бойынша өз тұжырымын айтады
III Үй тапсырмасын бекіту мақсатында әр топқа тест тапсырмасын беру. Орындаған тест тапсырмаларын бір топ келесі топқа дұрыс жауаптары бойынша тексертуге беру арқылы орындалады
Сергіту сәті: Мақал- мәтелдің бастапқы сөйлемі айтылады, аяғын жалғастыр....
1 Тектіден текті туар – сараланып
2 Теріңді өзгерте алсаң да- тегіңді өзгерте алмайсын
3 Жеті атасын білмеген - құлағын жағын жер
4 Салтыңды ауыстырсаңда – ұлтыңды ауыстыра алмайсын.
5 Жұмыртқадан жылан да шығады- қыран да шығады.
6 Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің.
IV Жаңа сабақты түсіндіру
II Мағынаны ажырату сатысы
Жаңа сабақ ( слайд) көрсету
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жоспар:
Генетиканың пайда болуы
Генетиканың қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар
Г. Мендельдің гибридологиялық әдісі
Генетикалық ұғымдар
Генетика тарихы үш кезеңге бөлінеді:
1865ж- 1900ж алғашқы пайда болу кезеңі
1906- 1953ж қалыптасу классикалық кезеңі
1953ж- бастап қазіргі кезеңге дейінгі молекулалық кезең
Генетиканың даму тарихын түсіндіре отырып, генетикалық ұғымдарды дәптерлеріне жаздырту.
Тұқым қуалаушылық деп- организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін айтады.
Өзгергіштік деп- керсінше организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы
Ген- бір белгінің, яғни бір нәруыздың дамуын анықтайтын ДНҚ молекуласының бөлігі
Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсететіп, бірден жарыққа шығатын белгіні доминантты, көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атайды
Аллельді гендер- гомологтік хромосомалардың бірдей бөліктерінде орналасқан, арнайы бір белгіні анықтайтын жұп гендер( сары, және жасыл, тегіс және кедір бұдырлы)
Баламалы гендер- бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын бір түрдің дарақтары
Генотип- деп ата- аналардан алынатын гендердің толық жиынтығын айтады.
Фенотип- деп организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығын айтады.
Гомозиготалы- деп тек бірыңғай доминантты(АА) немесе рецессивті( аа) аллельдерден тұратын организмді айтады.
Гетерозизоталы- деп керісінше әртүрлі аллельдерден тұратын организмді айтады. (Аа)
Генетикалық символдар:Г Мендель организмдерді будандастыру барысын сипаттау үшін символдарды пайдаланды
. Ата-аналық формалар Р-әрпімен белгіленеді (лат. parentes — ата-ана). Будандастыру үлгісін жазғанда, бірінші орынға аналык, одан соң аталық белгілерді жазады. Аналықты белгісімен (Шолпан құдайының айнасы), аталықты белгісімен (Марс құдайының қалқаны мен найзасы), будандастыруды — х (көбейту) белгісімен, будандарды F әрпімен (лат. filius - ұрпақ), ал бірінші, екінші, үшінші ұрпақтар F1, F2, F3 ... болып белгіленеді.Гендерді латын алфавитінің әріптерімен белгілейді. A — доминантты (басым) ген, a — тұншыққан ген, АА —доминантты гомозигота, Аа — бір белгі бойынша гетерозигота, аа — рецессивті гомозигота.
Электронды оқулық арқылы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары туралы ақпаратты көрсете отырып тыңдату Білімгерлерге жаңа тақырып бойынша топ ішінде талқылау үшін мәтін тарату
Мәтінмен жұмыс Мәтін бойынша сұрақ беру
Г.Мендель ілімін ғалымдар не себепті бірден мойындамады? ( хромосома, ген туралы ұгым ашылмаған)
Г. Мендель заңдары несімен маңызды?( Тұқым қуалау заңдылықтары бәрінде бірдей?)
Генетика – бұл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды(грекше грекше genetikos – шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тірішілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көп жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады. Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттернің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік бір-бірімен қатар жүретін бір жағынан қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде – Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі-қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жұрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады. Бұдан кейін Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер – геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де, сол арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде мүлгіген жағдайдың болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептелінген. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында пангенезис теориясын А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вейсман ұрық плазмасы туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс клеткаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты. Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің Өсімдіктер будандарымен жүргізілген тәжірибелер деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп,Г. Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биолгтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды. Себебі үш елдің ғалымдары: голландиялық Г.де Фриз, неміс ғалымы К.Э.Корренс және австриялық генетик Э.Чермак –Зейзенегг әр түрлі объектілерімен тәжірибелер жүргізіп, нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. 1909 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон өсімдіктер мен жануарлардың әрқайсысының 100 шақты белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүретіндігін дәлелдейтін ғылыми деректерді жариялады. Сөйтіп, Мендель ілімі ғылымнан берік орын алды. 1909 жылы дат оқымыстысы В. Иогансен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген, генотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды.
Генетика тарихының бұл кезеңінде ағзалардың жекелеген белгілерінің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне жауапты тұқым қуалаушылықтың материалдық бірлігі – ген туралы ұғым қалыптасып, Мендель ілімінің ары қарай дамуына мумкіндік туды. Дәл сол кездегі голландиялық ботаник ғалым Х. Де Фриздің организмнің тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгеретіндігін көрсететін мутация теориясының ұсынылуы генетика ғылымының дамуында ерекше орын алды. Генетика тарихындағы шешуші бір кезең америкалық генетик әрі эмбриолог Т.Морганның және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашуымен тыңыз байланысты. Т.Морган және оның шәкірттері жеміс шыбыны - дрозофилаға тәжірибе жасаудың нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың көптеген заңдылықтарын ашты. Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы ілімді дамытуда орыс ғалымы Н.И.Вавилов зор үлес қосты. Ол 1920 жылы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарлары заңын қалыптастырды. Бұл заң бір-біріне жақын туыстар мен түрлерде болатын тұқым қуалайтын өзгерістердің ұқсас болып келетіндігін дәлелдейді. Ғылымға енгізілген жаңалықтардың бірі – 1927 жылы орыс ғалымдары Г.А.Натсон мен Г.С.Филипповтың радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мутация тудыра алатындығын дәлелдеу еді. Ген теориясын дамытуда орыс биологтары А.С.Серебровский мен Н.П.Дубининнің эксперименттік және теориялық жұмыстарының үлкен маңызы болды. Сол сияқты популяциялық генетика мен эволюциялық генетиканың негізін қалауды орыс генетигі С.С.Четвериковтың алатын орны ерекше. Генетиканың даму тарихы 3 кезеңге бөлінеді. Оның екеуі 1865-1953 жылдар аралығын, яғни классикалық генетика дәуірін қамтиды.
Генетика тарихындағы үшінші кезең 1953 жылдан басталды. Ол – химия, физика, математика, кибернетика сияқты нақты ғылымдардың зерттеу әдістерімен электрондық микроскоп, рентген құрылымдық анализ, т.б. қолданудың нәтижесінде молекулалық генетика негізінің қалануы. 1944 жылы америкалық микробиолог әрі генетик О.Эври тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі – ДНҚ екендігін дәлелдеді. 1953 жылы американдық биохимик әрі генетик Дж Уотсон мен ағылшын биофизигі Ф.Крик ДНҚ молекуласының молекулалық құрылымының моделін жасады. Қазіргі кездегі генетиканың дамуы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ілімнің барлық салаларында зерттеу жұмыстары молекулалық деңгейде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, генді организмнен тыс қолдан синтездеу, дене клеткаларын будандастыру, генетикалық материалдың алмасуы, геннің қайта қалпына келуі биополимерлерді қолдан синтездеу, гендік инженерия сияқты проблемаларды зерттеу кеңінен таралып отыр. Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алыстан будандастыру мутагенез, полиплодия, гетерозис, т.б. мәселерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Дәнді және техникалық дақылдарды түрішілік және түраралық будандастырудың нәтижесінде бидайдың, арпаның көк сағыздың, жүгері мен қант қызылшасының жоғарғы өнімді будандары мен сорттарын алуда К.Мыңбаев, А.Ғаббасов, Ғ.Бияшев, Н.Л.Удольская және т.б. еңбектері зор. М.Х.Шығаева мен Н.Б.Ахматуллин микроорганизмдер генетикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин алыстан будандастыру әдісімен қойдың архар – меринос тұқымын алды. М.А.Ермеков, Ә.Е.Еламанов,В.А.Бальмонт т.б. қазақтың ақбас сиырын, Алатау сиырын және Қостанай жылқысын, т.б. асыл тұқымдарын шығарды. Қазақстанда тұңғыш рет М.А.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды. Соңғы жылдары елімізде, генетиканың аса маңызды салалары: молекулалық генетика, экологиялық генетика және радиациялық генетика бойынша ғылыми –зерттеу жұмыстары жүргізілуде
Г Мендель тәжірибелері ( бейне ролик) Г Мендель асбұршақ өсімдігінің 2 жыл бақылаудан бастады. Ол асбұршақ тұқымының түстері бойынша тек екі баламасы. Сары және жасыл тұқымы болтына көз жеткізді. Сондай- ақ олардың өздігінен тозаңданатынын анықтады. Ол бір- бір жұп белгілері бойынша ерекшеленетін ата- енелер формасын алды Сынақ тәжірибенің біреуінде сары және жасыл тұқымдар, екіншісінде тегіс және әжімді тұқым, үшіншісінде биік және аласа өскен өсімдіктер зерттелді. Г.Мендель ата-ене формаларын таза тармақ деп атады. Олардың бұлай аталуы сары дарақта жасыл ата тектің болуы мүмкін емес, өйткені сары тозаң ешқашан жасыл өсімдік гүл аналығының аузына түскен емес.
Бұл үлгілер генетикада осы уақытқа дейін қолданылады. Ата-аналық формалар Р-әрпімен белгіленеді (лат. parentes — ата-ана). Будандастыру үлгісін жазғанда, бірінші орынға аналык, одан соң аталық белгілерді жазады. Аналықты белгісімен (Шолпан құдайының айнасы), аталықты белгісімен (Марс құдайының қалқаны мен найзасы), будандастыруды — х (көбейту) белгісімен, будандарды F әрпімен (лат. filius - ұрпақ), ал бірінші, екінші, үшінші ұрпақтар F1, F2, F3 ... болып белгіленеді.Гендерді латын алфавитінің әріптерімен белгілейді. A — доминантты (басым) ген, a — тұншыққан ген, АА — доминантты гомозигота, Аа — бір белгі бойынша гетерозигота, аа — рецессивті гомозигота. Гендерді латын алфавитінің кез келген әріптерімен белгілеуден басқа, кейбір зерттеу нысандарында гендерді белгілеудін; қабылданған ережесі бар. Осы ережеге сәйкес, гендерді анықтайтын белгілердің бірінші немесе алғашқы екі әрпімен белгілейді. Мысалы, дрозофила шыбынының денесінің қара түсін анықтайтын генді b әрпімен (black—қара) белгілесе, ал жетілмеген қанатты белгісін бақылайтын генді Vq (vestiqial — жетілмеген) әріптерімен көрсетеді. Осы гендердің қалыпты белгілерін анықтайтын доминантты аллельдерін "+" белгісімен (b+, Vq +) жазады.
Генетикалық формулаларды жазған кезде гомологті хромосомаларда орналасқан аллельді гендерді бір-бірінің артына қояды. Мысалы, Аа,АаВЬ, АаВbСс, т.б. Кейде хромосомаларда орналаскан гендердің байланысын көрсету үшін хромосомаларды екі сызықша түрінде көрсетеді
V Жаңа сабақты бекіту.
ЭКСПО-2017 - ң соңғы Сана қалашығына
Жаңа сабақта алған білімдеріңізді түйіндей отырып , жетулеріңіз керек.
III Ой толғаныс
Сана қалашығына ену үшін мына кедергілерді жеңуіміз қажет
1 Сәйкестендіру тест беру
2 Сөзжұмбақ Генетика ғалымдардың еңбектерін табу арқылы шешу
3 Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының сіңірген
еңбектері қандай? ( қосымша материалдар)
ББҮ кестесін толтыру
Білгенім ,Білгім келеді, Үйренгенім
Сабақты қорытындылау:
Сонымен, генетика ғылымы биология ғылымының негізгі саласы болып табылады. Қазіргі кезде медициналық генетика кеңінен даму үстінде. Жер бетіндегі барлық ағзалар қорғауды қажет етеді. Жер шары баршамыздың ортақ үйіміз. Табиғаттың жойылуы- адамзаттың жойылуына әкеліп соғады. Жарық дүниеге дені сау ұрпақ алып келу үшін экологиялық жағынан білімді мәдениетті болуымыз қажет.АСТАНА ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге біздің үлесіміз саналы тәрбие мен сапалы білім болмақ. Бұл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың елімізді Жасыл экономика және Экологиялық қауіпсіздікті дамыту бағдарламасымен сәйкес келеді.
VI Үйге тапсырма беру: 36, 37 оқып келу. Г.Мендельдің өмірбаянына реферат беру
Генетикалық есептер шығаруға дайындық. Генетикалық таңбаларды жаттау
VII Білімді бағалау: сабаққа белсене қатысқан, тапсырманы толық орындаған топтағы білімгерлердіЭКСПО-2017 жинаған төс белгісі арқылы бағалау. Бағаны оқу журналына қою
ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
МЕДИКО-СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ
КОЛЛЕДЖ
ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫ
9Беттің 2 беті

9 Беттің 9 беті
Скачать работу