Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 20.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Жаңартылған білім бағдарламасы | Сарсенбаева Гулнара Жолдыбаевна. Работа №209725

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Сарсенбаева Гулнара Жолдыбаевна
Білім жүйесіне  жаңартылған білім бағдарламасын енгізудің  тиімділігі.

Білім жүйесіне жаңартылған білім бағдарламасын енгізудің тиімділігі.

Айнала жарық , түрлі түсті бояуға қанық жаңарған алем . Бұл әлем жаңа технология , жаңа білім, жаңа үрдіс әлемі. Осы кезеңге сай интелектуалды, дені сау, ой өрісі кең дамыған бала тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы » деп бекер айтпаған. Жақсы шәкірт тәрбиелеу барысында , ұстаздың бейнесі жарқын, беделі мықты, көзқарасы түзу , ескіні еңсеріп, жаңаның жаршысы бола білетін ұлы тұлға болуы керек. Болашағымыздың мөлдір бұлағы,келешегіміздің кереметі, жас ұрпаққа, қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін мұғалімдер ғылыми педагогикалық біліктіліктерін арттырып отыруы шартты нәрсе. Өйткені, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген XXI ғасырда жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздың басты міндеті болып табылады. Қазақстанды бәсекеге қабілетті,дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» .Сондықтан елімізде оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.

Білім саласындағы өзгерістер, мұғалімнен асқан жауапкершілікті талап етеді. Мұндағы басты міндет жеке тұлғаны қалыптастыру. Елімізде сапалы білім беріп,саналы шәкірт тәрбиелеу үшін жүргізіліп жатқан түрлі шаралар көп. Осы шаралардың бірі де бірегейі білім жүйесіне енгізілген жаңартылған оқу бағдарламасы. Бұл бағдарламаның түпкі идеясы «Жеті модуль» болып табылады. Осы модульдерді терең меңгерген ұстаздарымыз білім беру жүйесіне енді ғана енген жаңартылған білім бағдарламасын дамытуға, дамылсыз үлес қосуда.

Модульдік оқытудан түйіндегенім, алдымда отырған шәкірттеріме білім алудың жолын яғни қалай оқу керектігін үйрету, алған білімдеріне сыни тұрғыдан ойлауға, өзін - өзі бағалауға, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды қолдана білуге, сонымен қатар өз ортасында дарыны мен талантын аша отырып, жас ерекшелігіне сай білімді алатын, ізденімпаз, зерделі, тәуекелшіл, сенімді, дені сау, білімі жан - жақты толыққанды дамыған болашақ көшбасшын дайындап шығару- менің басты міндетім. Мұғалім 7 модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса, сабақты дұрыс ұйымдастырып түрлі әдіс тәсілдерді ұтымды пайдалана алса, ол мұғалімнің көшбасшылығы.

 

 

 

Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, төрткүл дүниені шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымның міндеті.

 

 

 

 

Алматы қаласы .Түркісіб ауданы .

ЖББ №20 мектептің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сарсенбаева Гулнара Жолдыбаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×