Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 21.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Мақала. Ана тілім – менің тілім | Амиргалиева Амина Эхкихатовна. Работа №235047

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Амиргалиева Амина Эхкихатовна
Ана тілім-менің тілім. Әр халықтын өзінің ана тілі бар. Тіл менің таусылмайтын байлығым.

Ана тілім – менің тілім

 

Бұл өмірде бір күн қонақ боламыз
Мүмкін елу мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!

 

Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тілім менің – таусылмайтын байлығым. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, ана тілімді құрметтеп келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл – ата-бабамыздан бізге қалған аманаты. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз.

«Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, осы тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Мемлекеттік тіл- тәуелсіз елдің негізгі рәміз

дерінің бірі. Тіл адамдардың қарым – қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Тіл- халықтың өмірдегі ең маңызды рөлдердің бірін ойнайды. Әр халық әр түрлі тілде сөйлейді, сол себепті тіл ол халықтың ойлау және сөйлеу түрін басқа тілдерден ажыратады. Қазақ тілі - ең бір әдемі де көркем тіл. Ол жан-жақты қалыптасқан, тарих соқпағынан өткен керемет тіл – Ана тілі. Ана тілі – қазақ халқының байлығы. Оның өткені мен осы бүгінгісі және келешегі. Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал – тіл. Ал, тіл – адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында: «Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз, әлемді танимыз.
Тіл халықтың жаны, сәні, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан Республикасының негізгі халықтың тілі болып табылатын мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас.  Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы - ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз. Б. Момышұлының « Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» - деген болатын.

Сондықтан тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

 

 


 

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×