Сабақтан тыс жұмыс ☼
Автор: Умарова Бибигуль
Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең
түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады. Дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне:
үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдарыжағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар- баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері:
1. кеші;
2. ғылыми жұмыстар;
3. викториналар;
4. іскерлік ойындар;
5. пікір-таластар;
6. байқау;
7. көрмелер;
8. үйірме;
9. сөзжұмбақтар құру;
10. ток-шоулар (телевизиялық жоба үлгісі бойынша) ;
11. олимпиадалар;
12. пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар;
13. танымжорықтар (саяхаттар, экскурсия)
14. эстафеталық жарыстар т.б.
12 жылдық мектепке өту жағдайында
информатика пәнінен оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы – қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Яғни баяндамам қазақ тілінен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мен маңызы, үйірме сабақтарын өткізу, қазақ тілі пәнінен кеш ұйымдастыру, олимпиаданы ұйымдастыру, оқушыларды ғылыми
жоба жұмыстарына дайындау, дарынды балалармен жұмысты жандандыру әдістемелері қарастырылған.
Оқушылардың білімге құштарлығын тәрбиелеуде, қазақ тіліні бейімділігін арттыруда және олардың білімдерін тереңдетуде олимпиадалар мен конкурстардың ролі зор. Тақырыптық кештерді қызықты тіл мәселелеріне, жеке тақырыптарға арналған дұрыс.
Тақырыптық информатика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:
I.Дайындық кезең (1-1,5 ай)
а) мұғалім мен кешті басқаратын оқушылар тобының кештің жоспарын жасау;
ә) конкурс пен векторинаға есеп-сұрақтар таңдау;
б) иллюстративті материалдарды қолдан жасау;
в) көркем өнерпаздарын жаттықтыру;
г) кештің бағдарламасы көрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-
6 күн) іліп қою.
II.Кештің өткізу кезеңі (2-2,5 сағат)
а) кеш өтетін бөлмені безендіру;
ә) кешті жүргізу, өткізу;
б) кештің материалдарын жинау, тіл кабинетіне іліп қою;
III.Кештің өтілуін талдау, қорытындылау (15-20 мин)
а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;
ә) кештің негізгі учаскілеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау;
б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашып көрсету.
в) кешті қорытындылап, бағалап, келешекке бағдар-бағыт көрсету.
Тілдәк кештерді нәтижелі өткізу үшін тіл кабинеті жақсы
жабдықталған, көрнекі құрал мен плакат схемалардың және кинодиафильмдердің көп, ғылыми-техникалық көпшілік және әдістемелік әдебиеттер мұғалімнің қолында жеткілікті болуы керек. Тақырыптық кештің әр тоқсанында немесе
әр жарты жылдықта бір реттен өтеліп тұрғаны жөн.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, ата-аналардан, ауыл тұрғындарынан, достарынан, туысқандарынан сауалнама алып, таспаға түсіріп өз жұмыстарын қорғады.Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық белсенділігін үнемі қолдап, олардың тақырып таңдауына, оларды тереңірек оқып үйренуіне және оны одан әрі зерттеуіне жағдай жасауға мүмкіндік зор. Зерттеу жұмысы ұзақ ізденуді, зор табандылық пен қаржылықты талап етеді. Бұған сабақтың шектеулі уақыты
мүмкіндік бермейді.
Сондықтан оқушылардың шығармашылық еңбегіне көңіл бөліп, олардың қызметін ұдайы қолдап көмектесіп отыру қажет. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі олардың білім деңгейіне байланысты. Олай болса, олардың зерттеу жұмысымен айналысуы үшін программалық материалмен қатар қосымша әдебиеттегі материалды жеке меңгеруі шарт.Әр оқушының даярлық дәрежесіне қарай арнайы программа жасалу керек.
Зерттеу материалы мүмкіндігінше мектеп информатикасымен сабақтас болғаны жөн. Зерттеуге берілетін проблеманы, алдымен мұғалім “ұсақ” еткен орынды, өйткені проблеманы орынсыз қиындату оқушыларды
өз шамасы мен сенімсіздікпен қарауға итермелеуі мүмкін. Сондықтан әр тақырып оқушылардың мүддесіне, шамасына сай болса, оларды
құлшындыра түседі. Оқушылардың шығармашылық қызметі реферат немесе информатикалық шығарма жазумен қорытындылап отырады.
Қорыта келгенде қазақ тілі пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды компьютерлік технологиялар арқылы оқыту оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру мен қатар оларды өз бетімен ізденуге де ұмтылдырады. Біздің осы атқарылып жатқан жұмыстарымыз арқылы оқушылардың өз білімдерін ұштауға, қабілеттерін шыңдауға қосқан үлесіміз деп білемін