Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 19.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Я - современный педагог | Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна. Работа №207497

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна
эссе о педагогической деятельности преподавателя общественных дичциплин

«МЕН ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗБЫН»

 

Ұстаз — бала тәрбиесіндегі орны ерекше, парасатты тұлға.

Ұстаздық мамандықты таңдаған адам үшін, ұстаздық- үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, ізденімпаздықты, шығармашылықты талап ететін жол.

Бүгінгі жаңа технологиялардың қарқынды дамуы кезеңінде заманауи ұстаздық қызметтің жауапкершілігі үлкен. Сол себепті де менің көкейімде әрдайым: «Заманауи ұстаз қандай болуы керек?» — деген сұрақ тұрады. Аталған сұрақтың жауабын табу мен үшін ізденіс жұмыстарым, жаңа ғасырдың –жаңа ұстазыын қалыптастырудағы жаңа істеріме бастама болды. Мұғалімнің бойындағы өзіне ғана тән кәсіби шеберлікті, баламен қарым-қатынастағы ешкімге ұқсамайтын әдіс- тәсілді, заманауи ақпараттық технологияларды толық игерген ұстаз ғана, алдына қойған мақсат- міндеттеріне түбегейлі жетеді деген сенімдемін және бұл дәлелденген.

Жаңа ғасырдың- жаңа мұғалімі тәрбиелеп, білім беріп отырған шәкіртіне ғылым өз пәні бойынша сабақ беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика аясына шыға алуына, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Бұл тек өз ісінің шебері- нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Жаһандану кезеңінде – әлем елдерінің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі болғандықтан, білім -пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Елбасымыз өз сөзінде: «Біз білім мен ғылым саласында бәсекеге қабілетті бола алмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз» — деген болатын.

ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформаларымен ерекше. Сондықтан да осы жағдайға сай зияткер, СӨС ұстанған, ой-өрісі жан-жақты дамыған, білімі халықаралық деңгейге сәйкес азаматты тәрбиелеу – әрбір ұстаздың міндеті. Ұстазбілім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол жаңа заман адамын қалыптастыру.

Заманауи педагог, ол- үнемі ізденістегі, зерттеуші, технолог, өнертапқыш. Сол себепті де, ол шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа форматтағы- жаңашыл ұстазы болуы керек.

Жаһандану кезеңінде өркениет көшінен қалмайтын, бәсекеге қабілетті, барынша жаңа технология элементтерін игерген, білімді де, білікті ұстаз -өз кәсібінің майталманы болары сөзсіз. Барша қауым қолдап отырған, Елбасымыздың білім беру саласындағы Стратегиясын жүзеге асыруда қоғам сұранысындағы ұстаздың бойынан келесідегідей ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:

-азаматтық жауапкершлік;

-әлеуметтік белсенділік;

-рухани мәдениеттілік;

-шынайы парасаттылық;

-ұйымдастырушылық;

-жаңашылдық саяси сауаттылық;

-кәсіби құзіреттілік.

Еліміздің тұтқасын ұстар, өскелеңұрпақты оқыту мен дамыта тәрбиелеуде жаңашыл ұстаз ретінде мен қандай үлес қосудамын?!.....

Бұл сұрақтың жауабы мені әрдайым ойлантады, алға жетелейді.

Өзімнің талай жылғы іс- тәжірибемді қолдана отырып, заман талабына сай, сапалы мамандар даярлауда нәтижелі еңбек етіп келемін. Менің ұстанымымәр сабақты әдістемелік жағынан жоғары дәрежеде өткізу, оқу процесінде дамыта оқытудың жаңа жолдарын іздестіру. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы шаруалар қозғалысы» тақырыбындағы ашық сабағымда, жаңа технология элементтерін тиімді қолдандым, сондай- ақ, Махамбеттің ақындық, күйшілік ерекшеліктерін де балалар сабақ барысында айқындай түсті, яғни, күйлерін шертті, өлеңдерін оқыды. Сабағыма Шығыс Қазақстан облыстық Білім Басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы- Ильясова Гульмира Бейсенбаевна қатысып, сабағымның ойынан шыққандығы туралы жақсы лебіздер білдірді. Сабағымның бір ерекшелігі, бұл сабақта балалар аталған тақырып бойынша тек қана ақпарат алып қана қойған жоқ, сондай- ақ, ұлттық тәрбиенің де қазақ халқы үшін маңызы үлкен екенін білді. Себебі, сабақты бағалау әдісі, асықпен жүзеге асырылса, сергіту сәті ретінде қазақтың музыкалық ұлттық аспабы- домбыра да сабақ барысында қолданылды.

Заманауи педагог тек қана сабақ беріп қана қоймайды, сонымен қатар, өзін-өзі дамыту жұмыстарымен де үнемі айналысады. Мысалы: түрлі сайттарда өзінің де, шәкіртінің де мақалаларын, ашық сабақтарын, сабақтан тыс тәрбие сабақтарын, әдістемелік материалдарын жариялап, түрлі тақырыптағы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияларға қатысып, белсенділік танытуы қажет. Өз басым осы ұстаныммен жұмыс жасаймын. Нәтижесі дерлік бар.

Ой- пікірімді қорытындылайтын болсам, менің ұстаздық борышым – тәрбиемен сусындаған, қазіргі заманға сай ойлай, тұжырымдай білетін, азаматтық жауапкершілігі басым, жан- жақты тұлғаны қалыптастыру деп білемін. Және өзім де осындай шәкірттер тәрбиелеу процесіндегі аянбай жұмыс жатырмын деген сенімдемін.

Әр үйдің үміті болған шәкіртеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам етіп тәрбиелей білсең, жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне, нағыз заманауи ұстаздық мұрат- мақсатың — осы болмақ…

 

 

 

 

 

 

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×