Үздік университет | Акимбаева Карлыгаш Турсынбаевна. Работа №239278
Автор: Акимбаева Карлыгаш Турсынбаевна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.
ҚАЗҰУ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ҚАТАРЫНДА
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде кезекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия аймағы мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып әлемнің үздік университеті қатарына енді. Соңғы бес жылда университет «QS WUR» рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтерілді, еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып білім беру қызметтерін ұсыну, ғылыми – инновациялық қызмет және академиялық бедел деңгейі бойынша QS STARS – 4 жұлдызға ие болды. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір университет осындай өсу динамикасына қол жеткізбеген!
ҚазҰУ-дың таңғаларлық тәжірибесін әлемнің жетекші университеттері зерттеу үстінде, бұл университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орнының әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі рөлі артып келе жатыр.
QS әлемдегі барша мемлекеттермен танылған беделді және көптеген жылдар бойы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингісін жүргізіп келе жатқан ықпалды халықаралық агенттіктердің бірі екендігі мәлім.
Халықаралық рейтингте университеттің табысты алға жылжуына заманауи талаптарға сай жүргізілген кешенді құрылымдық жаңарту ықпал етті. Нәтижеге бағытталған процестік менеджмент, басқару жүйесі және еңбекті рейтингтік бағалау енгізілді. Сондай-ақ жоғары әлемдік талаптарға сай әрі халықаралық аккредитациядан өткен эксперименттік білім беру бағдарламалары дайындалды және енгізілді, ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
әл-Фараби ат. ҚазҰУ ASIIN, ACQUIN, AQA және FIBAA сияқты халықаралық аккредиттеу агенттіктерімен ынтымақтасады. Білім беру бағдарламалары үш жылда бір рет халықаралық аккредиттеуден өтеді. ЖОО-ның бірқатар білім беру бағдарламалары Еуропалық сапа белгісіне ие.
Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін QS University Rankings рейтингінде (QS University Rankings EECA 2018) ҚазҰУ 2018 жылы 200-ден 10-шы орынды иеленді. QS «WUR by Subject» рейтингісіне сәйкес «Қазіргі тіл білімі» мамандығы бойынша университет алғаш рет әлемнің 101-150 үздік университеттерінің қатарына енді.
Дүниежүзілік университеттердің UI Green Metric рейтингісінде әлемнің 78 елінен 700 университеттің арасында ҚазҰУ 172 орын алды, бұл университеттердің экологиялық қауіпсіздігін бағалайды.
«Times Higher Education» беделді әлемдік рейтингінде университет дамушы елдердің 201-250 үздік университеттерінің қатарына енді. Бұл рейтинг ғылыми және білім беру қызметінің тиімділігі, профессорлықоқытушылық құрам мен ғылыми-зерттеу деңгейінің деңгейі, ғылыми жарияланымдар саны және ғылыми мақалалардың дәйексөз индексі, халықаралық ынтымақтастық көрсеткіштері сияқты көрсеткіштерді ескереді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – QS Graduate жұмысқа қабілеттілігі рейтингісінде 500 жоғары оқу орындары арасында 251 орын алған Орталық Азиядағы алғашқы университет. Рейтинг жұмыс берушілер арасындағы университеттің беделін, түлектердің кәсіби жетістіктерін, жұмыс берушілермен серіктестік, жұмыс берушілер мен студенттер арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды және оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуды бағалауға негізделген.
Шетелдік рейтингілік ғылыми журналдарда жарияланған қазақстандық әрбір үшінші мақала ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. Мемлекеттік-жеке серіктестік қағидалары негізінде бірегей нысандар салынып, университет кампусының инфрақұрылымдық құрылыстарының екінші кезеңі аяқталды. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын сақтай отырып, ҚазҰУ медицина-биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауда, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрайтын болады.
Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жаңа білім, озық идеялар мен технологиялар жинақталатын ірі ғылыми-білім беру және инновациялық орталық. Университет үшін басты бағдар әлемнің үздік жоғары оқу орындарының рейтингісіне кіру, инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу. Әлемдік деңгейдегі заманауи университет Орта Азия аймағындағы жоғары білім беру жүйесін дамытудың жетекші ғылыми-әдістемелік, зерттеу орталығы болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Акимбаева Қ.Т.