Өзгеге көңілім тоярсын | Жанатова Назерке Жанатқызы. Работа №240090
Автор: Жанатова Назерке Жанатқызы
Абай Құнанбайұлы
Өзгеге, көңілім, тоярсың,Өлеңді қайтіп қоярсың?Оны айтқанда толғанып,Іштегі дертті жоярсың.Сайра да зарла, қызыл тіл,Қара көңілім оянсын.Жыласын, көзден жас ақсын,Омырауым боялсын.Қара басқан, қаңғыған,Хас надан нені ұға алсын?Көкірегінде оты бар,Құлағын ойлы ер салсын.Тыңдамаса еш адам,Өз жүрегім толғансын.Әр сөзіне қарасын,Іштегі дертім қозғалсын.Әуелесін, қалқысын,От-жалын боп шалқысын.Жылай-жырлай өлгенде,Арттағыға сөз қалсын.Мендей ғаріп кез болса,Мойын салсын, ойлансын.Қабыл көрсе сөзімді,Кім таныса, сол алсын.Не пайда бар - мың наданСыртын естіп таңдансын.Онан дағы бір естіІшкі сырын аңғарсын.Өздерің де ойлаңдар,Неше түрлі жан барсың.Ғылым да жоқ, ми да жоқ,Даладағы аңдарсың.Жүрегіңмен тыңдамай,Құлағыңмен қармарсың.Соны көріп, соларғаҚайтіп қана сарнарсың?!
Бұл өлең ұлы ақын Абай атамыздың өлең сөздері. Абай атамыздың өлеңдері қазіргі заманның жастарына нақыл сөз деп айтсақта артық емес.
8a5759cde515cbc58f91f04e35443bd6.mp4