«МЕНІҢ ӘРІПТЕСІМ – ЕҢ СҰЛУ ПЕДАГОГ!»
Жасмағамбетова Б.А.
НЗМ ХББ Ақтау қаласы.
Почта: bal84@mail.ru
Тел: 87029690688
Маңғыстау облысы. Ақтау қаласы
Инд: 130000
Ең алғаш көрген кезімде ана тсүті аузынан кетпеген балауыз балапандай, кіршіксіз періште көз алдыма келгендей болды. Оң жақ бетіндегі мең одан сайын ажар беріп тұрғандай. Осындай кіршіксіз пенде өзін менің әріптесім ретінде таныстырды. Дауысы бір қоңыр дауыс, қобыз үніндей бір қалыпты құлаққа жағымды естіледі. Дене бітімі, киім киісі, нағыз педагогтың тұлғасы. Айтпай – ақ белгілі өнер пәні мұғалімі. Есімі Жұлдызай. Сол күннен бастап әріптес болып бірге жүрдік. Бір – біріміздің сабақтарымызға қатысып, тәжірибе алмастық. Өзі жас маман болғанымен әр сабаға шығармашылыққа толы. Оқушылардың барлығы жанынан кетпейді. Әріптесімнің жаны шығармашылыққа толы. Жұлдызайдың әр туындыларынан түстік шешім мен композициялық бояу түстері туған өлкесін меңзеп тұрғандай көрінеді.
Екінші оқу жылының соңына да жетіп қалдық. Осы екі жылда Жұлдызай маған тек әріптес болып қойған жоқ, жақын дос, сіңілімдей, сырласым болды. Әріптестік қызмет барысында бізді жақындатқан семинарлар мен курстар болды. Басқа қалаларға семинарларға барғанда әрдайым бірге жүру барысында жұмыстан бөлек өмірдегі мінезін байқадым. Өте жайдарлы. Менің ойымды айтпай – ақ түсінеді. Мен де Жұлдызайдың жүзінен қарап көңіл – күйін айқын біліп отырамын.
Әріптесімнің айта кететін артықшылығы оның жаңашылдығы мен алға қарай талпынысы. Қазіргі таңда Жұлдызай Сапарбаевна «Эбру» техникасында сурет салу өнерін дамытуда. Бұл техниканы ары қарай дамыту барысында шығармашылық ізденістер үстінде.
Айта кету керек Астана қаласында 2017 жылдың 18-ші ақпанында «Астана» концерт залында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әлеуметтік жобалары мен тәжірибесі аясындағы «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық есебі өтті. Бағдарлама аясында Астана қаласының мұғалімдеріне «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын сіңіруге арналған «Зияткерлік мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында тәжірибе трансляциялау семинары, ғылыми жобалар көрмесі, «Туған елге тағзым», «Жүз күйдің тарихы» т.б. қолөнер көрмесі өткен болатын. Аталған шығармашылық есепте Жұлдықай Сапарбаевна өзінің зерттеу үстінде жүрген «Эбру» техникасын шәкіртімен бірге халыққа паш етті. Көрмеге келгендер көрермендер алған әсерлерімен бөлісуде болды. Теле арна журналистері суретке түсіріп суретшіден номері мен координатын алып, хабарласатындықтарын айтып, осы өнер туралы даму бағытын білгілері келетіндігі туралы тілек білдірді.
Жалпы осы эссемді қорытындылай келе Жұлдызай Сапарбаевна жақсыға жаны құмар осындай әріптесім болғанына қуаныштымын дегім келеді.
-
Все мероприятия на нашем портале проводятся строго в соответствии с действующим законодательством и ФГОС
-
Результаты олимпиад доступны моментально. Результаты участия в творческом конкурсе или публикации статей – в течение 1 рабочего дня
-
Участие в любом конкурсе – бесплатное. Вы оплачиваете изготовление документа только когда знаете результат