Поможем подготовиться к аттестации! Получите готовые документы!
Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Білім мен тәрбие тоғысқан қасиетті мекен | Ахметов Абдикерим Акадилович. Работа №364157

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Білім – ақылдың шырағы, жарқын келешектің негізі. Елдің ертеңі мен болашағы – терең білімді, жан-жақты дамыған жас ұрпақтың қолында. «Жастықта үйренген білім – тасқа қашалған таңбадай» демекші, халқымыз білімнің қадір-қасиетін ерте түсінген. Қазіргі таңда мемлекетімізде білім алғысы келетін жастарға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жоғары білім алуға ынтасы бар жастар шет елдердің беделді оқу орындарында да оқи алады.

Мектептен кейінгі кәсіби білімнің бастау көзі – университет. Бұл – адамды нақты мамандыққа баулып, кәсіби тұрғыда дамытатын білім ордасы.

Сол оқу орындарының бірі әрі дарасы – тарихы тереңге тамыр жайған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Биыл бұл киелі шаңыраққа 90 жыл толып отыр. Қазіргі уақытта университет құрамында 16 факультет, 37 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, 66 кафедра жұмыс істейді, 29 000-ға жуық студент білім алуда. Қазақстандағы беделді экономикалық жоғары оқу орындарының бірі саналатын Экономика және бизнес жоғары мектебі – ҚазҰУ-нің алдыңғы қатарлы факультеттерінің бірі. Мұнда бакалавриат, магистратура, PhD және докторантура деңгейлерінде оқыту жүргізіледі. Факультет құрамындағы төрт кафедрада – экономика, менеджмент, қаржы және есеп, бизнес-технологиялар бағыттары бойынша 2000-нан аса студент білім алуда.

Оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген тәжірибелі ұстаздарымыз – болашақ мамандарды қалыптастыруда, ел экономикасының дамуына үлес қосар кадрларды даярлауда елеулі еңбек етуде. Қара шаңырақта білім алушылар үшін шетелдік үздік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатылып, студенттердің тәжірибе жинақтап, білімдерін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған. Оқуға ынталы жастарға жол көрсетіп, жан-жақты қолдау танытатын кәсіби мамандар жеткілікті. Сонымен қатар университет PhD бағдарламасы аясында шет елдерден – Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдерден профессорларды шақырып, бірлесе жұмыс жүргізуде.

Университеттің бір ерекшелігі – бірнеше ғылыми орталықтар мен бағыттарды біріктіретін «Бизнес құзыреттерін дамыту кластері» сынды жобалардың іске асырылуы. Бұл өз кезегінде оқу орнының беделін арттыра түседі.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым мен білім беру саласында өз орнын таба білген, әлемдік деңгейдегі жетекші оқу орындарының біріне айналды. Жоғары білім алғысы келетін әрбір түлек үшін бұл университет – үлкен арман мен мүмкіндіктің бастауы. Университеттің негізгі мақсаты – отандық және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, терең білімді, тәжірибесі мол мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды өндірісте қолдануға ықпал ету.

Қорытындылай келе, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – оқу, ғылыми-зерттеу және даму салаларында үздік мүмкіндік ұсынатын, Орталық Азиядағы үздік университеттердің бірі. Арман мен мақсатқа жол ашатын бұл киелі білім ордасының алар орны ерекше. Қара шаңырақта білім алған әрбір жас – мемлекетіміздің ертеңі, ел тарихында өшпестей із қалдырар азамат. Бұл білім ордасы – арманы асқақ, болашағына сенімді жастардың мекені бола бермек.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

"Қаржы және Есеп" кафедрасының аға оқытушысы 

Ахметов А.А.

Білім мен тәрбие тоғысқан қасиетті мекен

Білім – ақылдың шырағы, жарқын келешектің негізі. Елдің ертеңі мен болашағытерең білімді, жан-жақты дамыған жас ұрпақтың қолында. «Жастықта үйренген білімтасқа қашалған таңбадай» демекші, халқымыз білімнің қадір-қасиетін ерте түсінген. Қазіргі таңда мемлекетімізде білім алғысы келетін жастарға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жоғары білім алуға ынтасы бар жастар шет елдердің беделді оқу орындарында да оқи алады.

Мектептен кейінгі кәсіби білімнің бастау көзі – университет. Бұладамды нақты мамандыққа баулып, кәсіби тұрғыда дамытатын білім ордасы.

Сол оқу орындарының бірі әрі дарасытарихы тереңге тамыр жайған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Биыл бұл киелі шаңыраққа 90 жыл толып отыр. Қазіргі уақытта университет құрамында 16 факультет, 37 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, 66 кафедра жұмыс істейді, 29 000-ға жуық студент білім алуда. Қазақстандағы беделді экономикалық жоғары оқу орындарының бірі саналатын Экономика және бизнес жоғары мектебіҚазҰУ-нің алдыңғы қатарлы факультеттерінің бірі. Мұнда бакалавриат, магистратура, PhD және докторантура деңгейлерінде оқыту жүргізіледі. Факультет құрамындағы төрт кафедрада – экономика, менеджмент, қаржы және есеп, бизнес-технологиялар бағыттары бойынша 2000-нан аса студент білім алуда.

Оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген тәжірибелі ұстаздарымызболашақ мамандарды қалыптастыруда, ел экономикасының дамуына үлес қосар кадрларды даярлауда елеулі еңбек етуде. Қара шаңырақта білім алушылар үшін шетелдік үздік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатылып, студенттердің тәжірибе жинақтап, білімдерін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған. Оқуға ынталы жастарға жол көрсетіп, жан-жақты қолдау танытатын кәсіби мамандар жеткілікті. Сонымен қатар университет PhD бағдарламасы аясында шет елдерден – Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдерден профессорларды шақырып, бірлесе жұмыс жүргізуде.

Университеттің бір ерекшелігібірнеше ғылыми орталықтар мен бағыттарды біріктіретін «Бизнес құзыреттерін дамыту кластері» сынды жобалардың іске асырылуы. Бұл өз кезегінде оқу орнының беделін арттыра түседі.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым мен білім беру саласында өз орнын таба білген, әлемдік деңгейдегі жетекші оқу орындарының біріне айналды. Жоғары білім алғысы келетін әрбір түлек үшін бұл университет – үлкен арман мен мүмкіндіктің бастауы. Университеттің негізгі мақсатыотандық және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, терең білімді, тәжірибесі мол мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды өндірісте қолдануға ықпал ету.

Қорытындылай келе, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіоқу, ғылыми-зерттеу және даму салаларында үздік мүмкіндік ұсынатын, Орталық Азиядағы үздік университеттердің бірі. Арман мен мақсатқа жол ашатын бұл киелі білім ордасының алар орны ерекше. Қара шаңырақта білім алған әрбір жасмемлекетіміздің ертеңі, ел тарихында өшпестей із қалдырар азамат. Бұл білім ордасыарманы асқақ, болашағына сенімді жастардың мекені бола бермек.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

"Қаржы және Есеп" кафедрасының аға оқытушысы

Ахметов А.А.

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×