Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Бухгалтер - әрқашан сұранысқа ие мамандық | Оралбаева Ж.З.. Работа №313939

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Бухгалтер мамандығы - әрқашан сұранысқа ие мамандық. Бірде-бір шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтер маманынсыз жұмыс істеуі мүмкін емес. Нәтижесінде, әлемнің бірде-бір экономикасы осы саладағы мамансыз жұмыс жасай алмайды. Бухгалтерлік есеп үшін талдау және аудит байланысты салалар бола отырып, оны пайдаланушыларға қажет есептік ақпараттың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Білім беру жүйесі қазір айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Жаңа жағдайларда, жоғары білім берудің алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай іске асыру үшін оқытушы кәсіби қызметте барынша тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін білімнің болуын көздейтін кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейіне ие болуы керек.

Бухгалтер - әрқашан сұранысқа ие мамандық

 

Кез-келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдің экономикасының тұрақты дамуына кепілдік береді. Бухгалтерлік есеп ұйымды тиімді басқарудың бір құралы болып табылады. Әлемнің барлық оқу орындарында бухгалтерлік есеп студенттер үшін маңызды пәндердің бірі болып саналады.

Соңғы жылдары білім беру жүйесінде де, сонымен бірге бизнес-ортада да құзіреттілік көзқарас көп әйгілілікке ие болуда. Құзіреттілік көзқарас - бұл студенттердің жай ғана белгілі-бір білімдер жиынтығын меңгеруі емес, сонымен бірге құзіреттіліктің жүйелік жиынтығын қалыптастыру болып табылады. «Құзіреттілік» түсінігі бұл сапалы, өнімді қызмет үшін тұлғаның бір-бірімен өзара байланысты қасиеттерінің жиынтығынан тұрады, олар: білімді терең меңгеру, икемділік, дағдылылық.

Құзіреттілік көзқарас білім беру процесі мен жұмыс берушілердің қызығушылықтары арасындағы маңызды байланыстырушы звено болып табылады. Бүгінгі күні алдыңғы қатарлы ұйымдар персоналдарға деген өздерінің қоятын талаптарын құзіреттілік тілінде қоя бастады. Соған байланысты бухгалтер мамандарын дайындайтын оқу орындарының инновациялық білім беру қызметтері Құзіреттілік көзқарастарға бағытталуы керек деп ойлаймын.

«Есеп және аудит» мамандығында оқитын Студенттерді дайындау кезінді Құзыреттілік құралдарға мыналар жатады: Студенттерді өз бетімен білім алуға, оның барысында пайда болған танымдық проблемаларды өз бетімен шешуге үйрету. Талдау мен синтезге қабілеттілігін қалыптастыру. Әртүрлі көздерден ақпараттар жинақтау және оларға талдау жүргізу қабілеттіліктерін дамыту. Студенттің командамен жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту. Өзінің позициясын белгілеуге жеткілікті білімділік деңгейін қалыптастыру. Пән бойынша алынған білімді тәжірибеде қолдана білу және зерттеушілік қабілеттіліктерін қалыптастыру. Яғни, теория мен практиканы бір-біріне неғұрлым жақындастыру керек.

Қазіргі бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық есептілігін дайындауға негіз болып табылатын негізгі ақпараттық база болып табылады. Сондықтан да бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі күннен күнге арта түсуде. Бухгалтерлердің берген мәліметтері негізінде ұйымның меншік иелері, инвесторлар, менеджерлер белгілі-бір басқару шешімдерін қабылдайды. Осыған байланысты бухгалтерлер өздерінің кәсіби деңгейлерін біліктілікті жоғарылатудың әртүрлі курстардан өту арқылы үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Сонымен, бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуы елдегі экономикалық жағдайдың өзгеруімен өзара тығыз байланыста болуы керек және шаруашылық тетіктерінің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі керек.

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×