Сапалы білім - ел егемендігінің кепілдігі | Оралбаева Ж.З.. Работа №313944
ХХІ ғасыр бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман екені белгілі. Бүгінгі таңда білім саласы заманауи жаңа технологиялармен жабдықталғандықтан жастар үшін көп жағдай оңайға түсіп отыр. Өйткені, қазіргі жастар жаңа техниканың қыр сырын жетік меңгерген.
Алайда, сапалы білім мен саналы тәрбие алу сатысы алдымен ата-ана тәрбиесінен, ұстаздан, балабақшадан, мектеп қабырғасынан қаланатыны ақиқат.
Қасиетті білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бір ғасырға жуық талай түлектерді түлетіп, шексіз алғыс пен ыстық ықыласқа, қуанышқа толы жанарлардың күлкісіне себепкер болған өнегелі жылдардың жемісі десек қателеспейміз.
Оралбаева Ж.З.
Сапалы білім - ел егемендігінің кепілдігі!
ХХІ ғасыр бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман екені белгілі. Бүгінгі таңда білім саласы заманауи жаңа технологиялармен жабдықталғандықтан жастар үшін көп жағдай оңайға түсіп отыр. Өйткені, қазіргі жастар жаңа техниканың қыр сырын жетік меңгерген.
Алайда, сапалы білім мен саналы тәрбие алу сатысы алдымен ата-ана тәрбиесінен, ұстаздан, балабақшадан, мектеп қабырғасынан қаланатыны ақиқат.
Бүгінгі таңда көптеген студенттер еліміздегі қайнаған білімнің қара шаңырағы, киелі білім мен тәрбие ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде сапалы білім алып келеді. Бұл біз үшін мақтаныш, абырой.
Қасиетті білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бір ғасырға жуық талай түлектерді түлетіп, шексіз алғыс пен ыстық ықыласқа, қуанышқа толы жанарлардың күлкісіне себепкер болған өнегелі жылдардың жемісі десек қателеспейміз.
Осы мақаланы жазуымызға түрткі болған жағдай – жастардың білім деңгейі, нәтижелері, жетістіктері, білім саласының жастарға көрсетіп отырған қолдау, көмектері болатын.
Жастардың жұмыспен қамтылуы, баспаналы болуы, білім деңгейін жоғарылату мәселелері бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жұмыс табу үшін әуелі білім керек. Білімді болу бар да, білікті болу бар. Екі-үш дипломы бар жастардың жұмыс таба алмай жүруі – білім саласындағы олқылықтардың көрінісі деуге де болады. Сапасыз оқу ордаларының кесірінен жұмыссыз қалып жатқан жастарды қайта даярлау курстары арқылы мамандандыру қолға алынуда. Мектеп бітірген түлектердің бәрі грантқа ие бола алмайтыны түсінікті. Білім алуға талпынынысы болғанымен, отбасылық жағдайы ақша төлеп оқытуға келмейтін жағдайлар көп кездеседі. Жұмыссыздықтың ең өзекті тұсы осыдан басталады. Бірақ бүкіл жастар заңгер, инженер болуы мүмкін еместігі сияқты, елдің бәрі тұрақты айлық алып, қызмет атқаруы да қиын. Қазір еркіндік заманы. Өнеркәсіпке, шағын бизнеске мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуде. Несие алып, кәсіптеніп, отбасын ғана емес, өзгелерді де жұмыспен қамтып жүрген жастар жетерлік.
Жастар Алашымыздың айнасы екені белгілі. Олай болса, еліміздің гүлденуі де, көркеюі де айбынды жастарымызға байланысты. Еліміздің тәуелсіздігімен қатар өркендеп, кең қанат жайып келе жатқан жаңа заманның жаңашыл жастарынының жалыны сөнбесе талай биік белесті бағындырары анық.