Темекі – денсаулық дұшпаны | Жаркина Меруерт Ашуовна. Работа №213880
Автор: Жаркина Меруерт Ашуовна
Денсаулық – бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым – біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі такырыбым темекінің адам өміріне зиянды зат екендігі және темекінің қайдан шыққаны туралы ой қозғаймын.
Темекі – денсаулық дұшпаны
Жаркина М.А.. АҚЖКК оқытушысы.
Тірек сөздер: Салауатты өмір салты, темекі, темекінің зияны, темекімен күрес.
Автор мақалада темекінің адам өміріне зиянды зат екендігі туралы ой қозғап, салауатты өмір салтын насихаттайды.
Тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек.
Денсаулық – бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым – біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі такырыбым темекінің адам өміріне зиянды зат екендігі және темекінің қайдан шыққаны туралы ой қозғаймын.
Темекі қайдан шықты? “Темекі” деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша “ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид “Никотин” деп аталды.
Темекінің әсері. Темекі тарту неғұрлым кең тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне, сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы келеді). Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа зиянды әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады
Темекі және оның зияны. Темекі – паслен тұқымдас бір жылдық және көп жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, тығыз, кезектесіп орналасады. Темекі құрамындағы 300 заттың ішіндегі алкалоид (никотин мен никотин сульфат нитропты у) өте зиян. Бұлар ағзаға түскенде жасушалар тіршілігін тоқтатады. Темекі тарту адамды баяу улайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі тартудан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе, жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0,4 - 3,5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660мың тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады. Темекі құрамындағы никотин – өте күшті у. Алғашқы рет темекі тартқанда адамның жүрегі айниды, басы айналады, құсады, жүрек қатты соғады, тамақта, өңеште, асқазанда түйілу, қысылу сезіледі, кейде естен тану байқалады. Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды, қауіпті ісік ауруларына, жүрек демікпесі, ұстама ауруы, инфаркт ауруларына себепкер болады. Темекі тартушылар өзіне ғана зиян келтірмейді, айналасына да зиянын тигізеді. Темекі тартпайтын сау адам темекі түтіні бар бөлмеде бір сағат отырса, 4 тал темекі тартқан адамдай уланады. Салмағы 1мг темекіде 10 - 15мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді, оны сорғанда ауыз қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам шекпеген адамнан 10-15 жыл аз өмір сүреді.
Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген? Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады. Англияда темекі шеккендерді дарға асқан. 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұқсат берді. 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған. І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен. Югаславияда 1987 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді. Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен. Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді. Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.
Денсаулық- өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузынан «Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған. Денсаулық көтеріңкі көңіл – күй, үлкен бостандық, қимыл береді. Салауатты өмір сүру үшін, денсаулықты сақтап бұндай зиянды заттардан аулақ болуымыз керек.