Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 17.11
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Тұманбай Молдағалиев "Жан досым" | Ахметова Гульжан Серикбаевна. Работа №254893

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Ахметова Гульжан Серикбаевна
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Толқын ауылы "Толқын орта мектебі" КММ.     Кітапханашы: Ахметова Гульжан Серикбаевна

Тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Мәңгі есімізде»

Мақсаты:Т.Молдағалиевтің есіне алу кешіне байланысты оның шығармашылығымен,

әндерімен,ақын сезімімен оқушыларды таныстыру,өлеңдері арқылы шәкірттерді поэзияны сүюге,өз елін құрметтеуге,адамгершілікке,достықты қадір тұтуға шақыру.

Көрнекілігі:Ақын суреттері,кітаптары,

Барысы:

Күй ойналып тұрады.

Жүргізуші:Тұманбай Молдағалиев...Бұл есім-ардақты да, аяулы есім.Қазақ халқының ХХ ғасырдағы сөз өнерінің көсем тұлғасы,біртуар ақыны,Қазақстанның халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері-Тұманбай Молдағалиев жастардың,жалпы жыр сүйер қауымның ең сүйікті ақыны еді.Оның «Студент дәптерінен» басталған жыр жинақтары мен 500-ден астам әнге жазылған мәтіндері бүгінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қосылған мол әдеби мұра болып есептелінеді.

Жүргізуші:

Өлең-менің тіршілігім,жер-көгім,

Ертелі кеш таусылмайтын еңбегім.

Мені өлеңнен бөлген күні бітем мен,

Өлеңсіз күн-өлген күнім ол менің,-деп жырлаған ақынның өмірден озғанына да біраз уақыт өтіпті.Бүгінгіеске алу арқылы ақынның,өкінішке орай,өзі болмаса да,оның бала күннен айнымас досы-Едіге атамыз барондай-ақ ақынымызды ардақтап,жырларын жаттап, жадына тоқыған ұрпағы бар.

Ендеше, таланты ақын Тұманбай Молдағалиев пен оның аяулы досы Едіге Баялбайұлына арналған «Жан досым» атты ән-жыр кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қонақтарды таныстыру

1_____________________________________

2_____________________________________

4_____________________________________

5_____________________________________

 

1-оқушы:Қалың қазағы «Тұмаш аға» деп еркелеткен ақын Тұманбай Молдағалиев өз өмірін өлеңмен өрнектеген жан. Басылым беттеріне берген сұхбаттарының бірінде: «Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын. Өлеңнен өз орнымды таптым» деген еді. Расында да, ғұмырының соңғы сәттеріне дейін ақын ата өлең жазуды тоқтатпаған.

Жүргізуші: Есімі әдебиет пен жыр сүйер қауымға тегіс белгілі, ХХ ғасырдың 50-жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен,өз үнімен жарқ етіп танылған Тұманбай Молдағалиев - қазақтың біртуар көрнекті ақыны.Өзінің айбынды ақындығымен,асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлға,Қазақ мемлекеттік сыйлығының иегері,Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат», «Достық» ордендерінің,Жамбыл және бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы сыйлықтарының иегері.Тұманбай аға қазақ поэзиясында өлеңнің құдіретін түсініп,оны өзіне айнымас серік еткен.

8-оқушы:Лирикалық өлеңдермен қатар, ол балалар әдебиетін назардан тыс қалдырған жоқ. Көзі тірісінде қазақ әдебиетінің классигі атанған Тұмаш ата қазақ әншілерінің орындауындағы әндердің басым көпшілігіне сөз жазған еді. Қазақ музыкасының дүлдүлдері Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сияқты сазгерлермен тығыз байланыста болып, талай әндердің дүниеге келуіне ықпал етті.

Жүргізуші:

Менің тілім өлмейді-халқым тірі,

Қазағымның сөнбейді алтын күні.

Мәңгі естіліп тұрады оның даусы,

Соңғы күні жоқ оның,ақырғы үні-деп ақын біралуан өлеңдерінде тіл туралы өз толғанысын жырға қосады.

«Ана тілі»

Жүргізуші:

Жанымна,дүние танымаған,

Тіл қатқандай боласың әлі маған.

Сенен ғанаір сенің құдіретіңнен

Өмірдегі бақыттың бәрін алам.

Ақын өлеңдерінің келесі бірі мәңгілік тақырып-Ана махаббатына арналған.

«Ана махаббаты»

Жүргізуші: Ақынның өмірлік жары Қасымова Күлтай апа өзінің ақын жайындағы естеліктерінде былай дейді: «Ерекше салмақты кісі еді ғой. Кейде өзіміздің, туған-туыс, жолдастардың балалары жан-жақтан жиналып келіп, у-шу болып жататын. Сонда біреу «әй» деп қалса, «ойнай берсінші, тиіспеңдер» деп отыратын. Жаны нәзік, болмысы бөлек еді. Саяжайдағы бақшамызды түптеймін ғой кейде. Сонда арамшөптерді жұлып отырсам, «тимеші, өсе берсінші» дейтін. Айдаладағы арамшөпке де жаны ашитын . Ешбір жанды жамандауға қимайтын. Адам баласына қатты сөйлеп, ренжітпеуге тырысатын.»

Жүргізуші:

«Іздегенде табылатын қасыңнан, Кім бар жақын бала күнгі досыңнан?» деп басталатын «Жан досым» әнінін Т.Молдағалиев ауылымыздың ардақты адамы,ақынның досы, зейнеткер ұстаз Едіге ағаға арнағанын барша қазақ тегіс біледі. Екеуі мектеп-интернатта, кейін университетте бірге оқыған. Интернаттың қара нанын бөлісіп жеп, жатақханада бірге тұрған. Тұманбай Молдағалиев осы Едіге ағадай досына бір ән ғана емес, бір кітап арнаған. Екеуі өмір бойы араларынан қыл өтпестей дос болды. Біздің бүгінгі кешіміздің де «Мәңгі есімізде»деп аталуы тегін емес.Едіге Баялбайұлы ұзақ жылдар мектебімізде мұғалімдік әрі басшылық қызмет атқарып,бүгінде Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы атанып отыр.Ендеше бүгінгі жас ұрпақ «Достық» деген бір ауыз сөздің қадір-қасиетін тек сіздер арқылы ұғынары ақиқат.

Жүргізуші:

Табады асыл сөзді ер данасы, 
Шығады білімдіден сөз сарасы.
Салшы бір әсем әнге шарықтатып, 
Тыңдасын мына халық шабыттанып.-дей отыра

«Жыр сүлейі», «Құстар үні», «Сағынғанда», «Құздың лебі» Тұманбай Молдағалиевке арнап жазған өлеңдерін қабыл алыңыздар сахнаға Ахметов Серікбай атамызды шақырамыз

Жүргізуші: Күйші-сазгер, ҚР Халық қаһарманы, дирижер Нұрғиса Тілендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған еді. Сазгердің Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Куә бол» әні айлы түнде дүниеге келген. Нұрғиса Тілендиев жұбайы Дариғамен Алматы өзенінің жағасымен қыдырып келе жатады. Бір кезде сазгер өзен жағасындағы тастың үстіне шығып, біресе айға, біресе жұлдыздарға қарап:

«Куә бол, жұлдыз,

Куә бол, айым,

Куә бол, Алатауым - деп әндете жөнеледі. Кейін сөздерін ақын інісіне жаздыртып аладындеше Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған осы бір әсем әнді Алия мен Динара қыздарға берейік қабыл алыңыздар!

«Куә бол» әні Қапарова Жанар

Жүргізуші:Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін қабыл алыңыздар.

Орындайтын

Гүлназ апаймен оның оқушысы Райхан қызымызға берейік қабыл алыңыздар!

 

Көңліңе күн шығарып,жаз орнатып,

Едігені көрудің өзі бақыт.

Басыңа бақыт қонды деп ұққайсың,

Қасында жүре қалсаң біраз уақыт.

Елден ерек көрем Едігені,

Бақыт гүлін жаныма ол егіп еді.

Ертеңіме ертпейтін сияқты ма,

Едігесіз тіршілік тегі мені,-деп көңілдегі күйін,жүректегі сырын өз досына арнаған Тұманбай Молдағалиевтің бүгінгі еске алу кешіне арналған кешіміздің құрметті қонағы ретінде сөз кезегін Едіге ата,өзіңізге ұсынамыз.

«Жан досым» Мұғалімдер хоры қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Қазақ өлеңі деп аталған асқар таудың аспанмен астасып,көкпен таласқан тағы да бір қиырында «Тұманбай шыңы» қалды.Ол шың артындағы төбелердің өсіп,толысып,бой түзейтін адалдықтың үлгісі,поэзияның биігі болмақ.Ендеше,біздің мектебімізде де Тұманбай аталарының жолын қуып,өлең жолдарын оқушыларға берейік.Оқушылардың ақын аталарының өлең жолдарын арнауларына бір сәт құлақ түрейік.

Арнаулар:11-сынып оқушысы Айшуақ, «Қадірлі досым хал қалай», Сезім, «Құрбым жан құрбым», Құлан «Ұмытпа мені», 9-сынып оқушысы Мақсат,10-сынып Бота, Ұлбосын

 

Жүргізуші:Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиевтен басқа атақты қазақ вальсінің королі атанған сазгер,әнші Шәмші Қалдаяқов та әуен жазған.Осылайша тағы да бір тамаша «Әнім сен едің» атты ән дүниеге келген.Ендеше 8-сынып оқушысы Айдидарға орындауға берейік қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:

Сол ұйықтаған жерінде жатсын қайғы,

Жақсылықты жақсылар жатсынбайды.

Өлең деген халықтың қуанышы,

Тыңдай білген кісіге бақ сыйлайды,-деп поэзия тұлпары Тұманбай ағамыз айтып өткендей, біз де ақын шығармашылығына шолу жасап,оның өлеңдерін тыңдадық, әндерін айттық.Осылайша Т.Молдағалиевтің мұрасы мәңгілікке біздермен бірге жасай бермек.

Жүргізуші: Бүгінгі «Жан досым» атты Т.Молдағалиев шығармашылығына арнаған әдеби-сазды кешімізді ақынның «Жан досым» әнімен аяқтаймыз.

 

Кітапханашы Г.Ахметова

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×