Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 27.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Университет алдында тұрған стратегиялық міндеттер | Акимбаева К.Т.. Работа №239301

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Акимбаева К.Т.
Еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту, ғылымға не­гізделген экономикаға көшу орнық­ты экономикалық дамуға және Қа­зақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ауқым­ды мәселелерін шешуге ықпал ету жолында ғылым мен инновациялық дамуды үйлестіруге, мамандар әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ғылым инфрақұрылымын жаң­ғыртуға және одан әрі дамы­туға бағытталатын реформаларды терең­детуде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті оқытушы-профессорлар құрамы  мен студенттері аянбай еңбек етуде. 

Университет алдында тұрған стратегиялық міндеттер

 

Әлемдегі алдыңғы қатардағы ел болу мақсаты - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Тұрақты дамып келе жатқан экономика салаларында жоғары дәрежелі  мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан, заман талабына сай қазіргі уақытта білім берудің инновациялық әдістерін енгізуге көп көңіл бөлініп егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту, ғылымға негізделген экономикаға көшу орнықты экономикалық дамуға және Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ауқымды мәселелерін шешуге ықпал ету жолында ғылым мен инновациялық дамуды үйлестіруге, мамандар әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ғылым инфрақұрылымын жаңғыртуға және одан әрі дамытуға бағытталатын реформаларды тереңдетуде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері аянбай еңбек етуде.

Бүгінде алдына қойған міндеттер бойынша білім беру, ғылым мен инновациялық қызметтің тиімді ықпалдастығы негізінде, қазіргі интеллектуальды талаптарға және Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына сай кадрлық әлеуетті – жаңа форматтағы мамандарды қалыптастыру мақсатында келелі міндеттерді орындауда қажырлы күш жұмсауда. Яғни:

-  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алдыңғы қатарлы халықаралық зерттеу университеттерінің деңгейіне бағытталған білім беру бағдарламаларын трансформациялау арқылы халықаралық білім беру кеңістігіне кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру;

- Танымал әлемдік агенттіктерде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациядан өткізу және оқытушылар мен мамандарды халықаралық сертификаттау;

- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көпсалалы білім берудің құзыреттілік пен тұлғаға бағытталған жаңа моделін енгізу;

- Студенттер мен оқытушылардың халықаралық академиялық мобильділігін арттыру;

- Бәсекелестікке төтеп беретін біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты өткізу мақсатында INTAS, ТЕМПУС, НАТО, МНТЦ секілді халықаралық қорлармен ынтымақтастық аясын кеңейту;

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін көтеру мақсатында университеттің ғылыми жұмыстарының нәтижесін экономиканың нақты секторына енгізу және интеграциялау мақсатында әлемнің жетекші университеттерімен бірігіп, ғылыми-зерттеу жобаларын жасау;

- ҚазҰУ-тің жаңа инфрақұрылымында тәжірибелі зертханалар құру арқылы бизнес-құрылымдар мен университеттің мемлекеттік-жекеше әріптестігін дамытуды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға тартуды, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды жетілдіру.

Университеттің пен жоғарғы білім беру мен ғылым жүйесінің алдында тұрған  стратегиялық міндеттерді орындау аясындағы ауқымды іс-шараның бірі – «AL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY» ғылыми-инновациялық жобасы. Аталған жобаның маңызыдылығы сол – білім ордасы көрнекті ойшыл, ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі Әл-Фараби атын арқалап жүргендіктен, ғалымның армандаған және ойлаған мақсаттарын жүзеге асыру.

Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы" трактаты негізіндегі ғылыми-инновациялық жоба дана бабамыз суреттеген идеалды қоғамның кескінін бейнелейтін, әлі де болса жас, қалыптасып келе жатқан ел болсақ та тура осы бағытқа қадам басып келе жатқанымызды айқындайды. Өйткені еліміздің алдына мақсат етіп қойған қай бағдарламасын алсаңыз да осы ұстанымдарға негізделгені анық.

Елімізде жеделдетілген индустриялық инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Ол республикамыздың барлық тұрғындарын қамтиды. Осы жерде жаңалықтарды ендіріп, оны одан әрі Қазақстан бойынша тарату керек.

 

«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Акимбаева К.Т.

 

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×