Поможем подготовиться к аттестации! Получите готовые документы!
Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Ғылым мен тәрбиенің мәңгілік шымшырағы | Сексен Асемай Ыбраймқызы. Работа №364130. Номер работы: №364130

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Ғылым мен тәрбиенің мәңгілік шымшырағы

Жастардың болашағы мен кәсіби жетістігі көбінесе олардың мамандық таңдауына байланысты. Дұрыс таңдалған мамандық адамға өзін жүзеге асыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға және өмірден ләззат алуға мүмкіндік береді. Әрбір адам өмірінде маңызды шешімдердің бірін – болашақ мамандығын таңдайды. Бұл шешім тек кәсіби жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар жеке өмірдің сапасына да әсер етеді.Осы тұрғыда менің таңдаған мамандығым – қаржы саласы – заман талабына сай, перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.

Қазіргі заманғы қаржы саласы – экономикадағы ең маңызды және перспективалы бағыттардың бірі. Ол банк ісінен бастап инвестициялар, сақтандыру, салық жүйесі, қаржылық талдау және бюджет саясатына дейінгі ауқымды салаларды қамтиды. Қаржы саласының маманы болу – тұрақтылық пен мансаптық өсуге ашық жол. Осыны ескере отырып, мен өз таңдауымды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Экономика және бизнес” жоғары мектебінде “Қаржы” мамандығы бойынша оқуға түсу арқылы жасадым.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең беделді және жетекші оқу орындарының бірі. Университетіміз көпжылдық тарихымен, жоғары білім беру сапасымен және халықаралық деңгейдегі танымалдылығымен ерекшеленеді. ҚазҰУ түлектері елдің түрлі салаларында жоғары лауазымды қызметтер атқарып, экономиканың дамуына өз үлестерін қосып келеді.

“Экономика және бизнес” жоғары мектебі – еліміздің қаржы-экономикалық жүйесіне қажетті кәсіби мамандарды даярлайтын негізгі орталықтардың бірі. Мұнда практикалық дағдыларға да ерекше мән беріледі. Университеттің қаржы кафедрасы студенттерді қазіргі заман талаптарына сай дайындап, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Студенттер банктерде, сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда және мемлекеттік қаржы ұйымдарында тәжірибеден өтіп, өз білімдерін практикада қолдана алады. ҚазҰУ студенттерге халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Қаржы саласын таңдау – болашаққа жасалған сенімді қадам. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Қаржы” мамандығы – тек сапалы білім алудың емес, сонымен қатар кәсіби және жеке дамудың кепілі. Бұл оқу орнында оқи отырып, мен өзімді бәсекеге қабілетті, заманауи қаржы маманы ретінде қалыптастырып жатырмын.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті: Сексен Ә.Ы.

"Қаржы және Есеп" кафедрасының аға оқытушысы:

Ахметов А.А.

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×