Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 28.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін педагогикалық- психологиялық қолдау ☼

Дата публикации:
Описание:

Автор: Тлеубердиева Газиза Сабидулаевна

Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық – педагогикалық қолдауы.

Мақсаты: Даму мен оқу – тәрбиелеу үдерісін психологиялық қамтамасыз ету. Оқушылардың денсаулығын қорғау мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.

Міндеттері:

Ø Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламаларын енгізуде педагогикалық – психологиялық қолдау көрсету;

Ø Білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне қажетті психологиялық көмек беру;

Ø Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әр бір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтыңқолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардыңқолында»

Н.Ә.Назарбаев

Білім беру кезеңдері

·        XVI – 1920 ағарту дәуірі – білу сауаттану

·        1920 – 1990 индустрияландыру дәуірі – білу қолдану

·        1990 – бүгінгі күнге дейін – білу қолдану өмір сүре білуге үйрету

   Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.

  Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.

 Орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру қажеттігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасында айқындалып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты. Бұл қазіргі басымдықтарды ескеретін жаңа білім стандартын, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, оларды жүзеге асырудың бағыттарын айқындайтын әдістемелік қызметті жаңарту  қажеттігін анықтайды.  Сондай-ақ ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылдың 13 қаңтарындағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұнын жаңарту, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту міндеттері белгіленіп отыр.

  Функционалдық сауаттылық білім берудегі жаңа басымдықтарды айқындайды: алынған білімді өмірден практика жүзінде қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің көзқарасын негіздей білуді қалыптастырады.Жеке тұлғаның функционалдық сапаларын белсенділік, шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдай білу, өмірде өзін-өзі дамытып іске асыра білуді қалыптастырады.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр.

Баланың өмірі ортаның күрделі ұйымдастырылған, әртүрлі формасы мен бағыттары бойынша ағыммен өтеді. Табиғатынан бұл орта әлеуметтік, өйткені ол баланың құрбыларымен, әр жастағы балалармен, педагогтармен, ата-аналармен, өзге ересектермен әртүрлі қарым-қатынас жүйесін ұсынады.

Мазмұны бойынша бұл орта эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық, тұрмыстық және т.б. болуы мүмкін. Бала өмірдің барлық жағына қатысты көптеген әртүрлі таңдаулар алдында болады: қалай оқу және ересектермен қандай қарым-қатынас құру, құрдастарымен қалай сөйлесу, қазіргі және өзге талаптарға, ережелерге қалай бағытталу, т.б. Көмекке өздерінің әлеуметтік, кәсіптік немесе жеке айқындамаларымен балаға әртүрлі қолдау бере алатын ересектер ұсынылады. Ең алдымен бұлар – педагог, ата-ана және психолог.

Сол себептен, психологиялық-педагогикалық қостау түсінігін ашу мақсатында өзара қарым-қатынас, әріптестік, жағдайлар құру, көмек, қызмет бағыты, объектімен жұмыс сияқты ұғымдар қолданылады. 

Психологиялық-педагогикалық қолдауды бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

- балаға жеке білім беруде көмек пен қолдау көрсетуге қабілетті педагог-психологтың кәсіптік қызметі сияқты;

- білім беру міндеттерін шешу кезінде балаға рухани дербес таңдау жасауға көмектесетін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттер кешенін құрайтын үдеріс сияқты;

- жетекші мен жетеленушінің өзара іс-әрекеті сияқты;

- оқушылардың оқу жетістіктерін қамтамасыз етуде педагог, психолог, және т.б. мамандар әрекетінің дәйекті кезеңдерінің қатарын құрайтын технология сияқты;

- мақсатты, мазмұнды, үдерісті және нәтижелі элементтердің өзара қарым-қатынасын мінездейтін жүйе сияқты.  

Соңғы жылдарыпсихологиялық-педагогикалық қолдаудыңтеориясы мен практикасының жіті дамуы білім беру мақсаты туралы ұсынымды кеңейтуге  байланысты болды. Бұл мақсатқа тәрбиелеу, дамыту мақсаттары, бала денсаулығын физикалық, психологиялық, психикалық, рухани және әлеуметтік қамтамасыз ету енеді.

Қолдаудың негізі келесі ұстанымдардан болады: 

1. Ізгілендіру -  бала мүмкіндігіне сенуге болжанған.

2. Жүйелі тәсіл – біртұтас жүйе ретінде адам түсінігіне негізделген.

3. Кешенді тәсіл- бала дамуын қолдауға бағытталған. 

4. Баланың жеке мүмкіндігіне, оның даму қарқынына сәйкес қолдаудың мазмұнын, формаларын және тәсілдерін болжайтын баланың жеке және жас ерекшеліктерінің есебі

5. Білім беру үдерісінде баланы қолдаудың үздіксіздігі.

Психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл мектепалды даярлық үдерісінде әрбір баланың табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметті-психологиялық және педагогикалық жағдайлар құратын толық, жүйелі ұйымдастырылған қызмет.

Психологиялық-педагогикалық қолдау объектісі болып білім беру үдерісі (оқу-тәрбие үдерісі) табылады.

Қызмет пәні – бала қатынасының жүйесі ретінде бала дамуының жағдайы:

·                       әлеммен;

·                       айналасындағылармен (ересектер, құрбылар);

·                       өзімен өзі.

             Қазіргі таңда Қазақстан мектептеріндегі  ең бір өзекті мәселелерінің бірі- оқушылардың білім алуға деген құштарлығының төмендігі немесе оқуға деген мотивацияның жоқтығы. Оқушылардың оқуға деген мотивациясының жоқтығы көптеген себептермен түсіндіріледі. Соның ішінде : білім алуға деген жалқаулық, іш пыстырарлық  мектептегі өмір, әлеуметтік –тұрмыстық жағдайы, ата-аналарымен және сыныптастар арасындағы түсінбеушілік т.б.Кейбір оқушылар мектепте білім алуды өздері үшін емес  ата-анасының  нұсқауымен немесе өмірінің міндетті бір бөлігі ретінде қарайды . 

          Бастауыш сыныпта оқушылар бір-бірімен бәсекелесіп ата-аналарының , мұғалімдерінің көзінше үздік болуға тырысса,орта буынға келгенде олардың оқуға деген ынтасы кеміп, мектепке тек ата-аналарының, мұғалімдердің ескертпелерінен қаймыққаннан және достарымен болу үшін келетін тәрізді. Және де қазіргі интернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқа да жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белігілі. Осындай кезде оқушыға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде, әр ұстаздың басына «оқушыларды білім алуға деген қызығушылығын қалай арттыруға, ынталандыруға болады?» -  деген сұрақ туады. Бұл мәселенің шешімін оңай табады деп айтуға келмес. Оқушылардың оқуға деген ынтасын,қызығушылығын арттыру үшін бала психологиясын , баланың қоршаған ортасын жақсы білу керек деп ойлаймын.

          Сонымен бізді мазалап отырған сұрақтардың бірі оқушылардың оқуға деген мотивациясының артуына не істеуге болады?  Қарапайым мұғалім білім беру саласындағы  көтеріліп жатқан осы өзекті мәселені өзгерту  үшін не істей алады?

     Мотивация мәселесі отандық және де шетел психологиясында ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Х. Хеккаузеннің «психологиялық зерттеу аймағында осы мотивация мәселесі сияқты кең әрі жан-жақты мәселе табылмас» деген Бұл мәселені зерттеп, сырын ашуға адамзат баласының көптеген ғалымдарын толғандырған.Онын бірі америкалық психолог Бенджамин Блум.

Осы жерде Блум таксономиясының білім игеруге бағытталған 6 қадамынатап өтсек болады.

Таксономия (грек тілінен аударғанда орналасу, құрылыс, тәртіп және заң) деген мағына береді.

Таксономия – олардың белгілі бір құрылымдағы бірізділігін құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

                                                   6.  Бағалау

                                                 5. Жинақтау

                                               4. Талдау.

                                            3.Қолану

                                          2. Түсіну

                                        1. Білу, тану

 

Алдымен оқушыны оқуға  талпындыру үшін  білім алуына  қолайлы жағдай жасау. Оқушылардың  оқуға деген  мотивациясының жоғарлауына сыныптағы көңіл күйдің жақсы болуы көп әсер ететіні айтпасада түсінікті. Біз әр балаға сабақ беру барысында жеке тұлға ретінде қарап оның ойын, пікірін ескеріп сабақ өткізсек оқушы да өзінің білім алуға деген көзқарасын өзгертері сөзсіз.                 

           Мұғалім алдын ала сабақтағы өзінің рөлін нақты белгілеп алу керек. Ол дегеніміз оқушыларды өз  білімінің  шекарасын аңықтауға үйрету , оқушылармен сабақтағы өзекті сұрақтар көтеріп сол сұрақтардың шешу  жолдарын талқылау, оқушыларға өзін-өзі бағалауды және бақылауды сеніп тапсыру. Осындай жолмен білім беру арқылы оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезініп алдына мақсат қойып білім алуға және өзекті сұрақтарды шешуге өзінше талпынады , ұжымдық жұмыс істеуге үйренеді. Өзгенің пікірін тыңдап және өзінің пікірінің  маңызды екенің түсінеді. Осындай жағдайлар оқушының оқуға деген мотивациясының жоғарлауына себеп болады.

Білім беру үдерісінің психологияландыру: мұғалімдер, оқушылар, ата – аналадың психологилық  мәдениетін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін сіздерге бірнеше психотерапия әдістерімен таныстырып өтейін:

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін педагогикалық- психологиялық қолдау

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін педагогикалық- психологиялық қолдау

          Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді.

         Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өзіс- тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.

Сабақта қолданған әр жаңа иновациялық әдіс-тәсіл сабақ беру барысына тың жаңалық әкеліп оқушылар бойына  қызығушылық пен құлшыныстың әкелетіні рас. Оқушыны білім алуда өз алдына мақсат қойып сол мақсатқа жету үшін не істеу керек екенін , қандай жолдары бар екенін  түсіндіру керек. Оқушыларға  дайын күйдегі білімді бермей керісінше , олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.

                         Сонымен ортақ пікірге келсек, шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті.

            Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір- бірінің ой­пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды.

     Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.

              Оқу әрекетінде оқушыларға неғұрлым көбірек бостандық пен өз бетімен әрекеттенуге жол берілсе,соғұрлым оған оқушылардың қызығушылығы арта түседі. Белгілі бір әрекеттің нәтижелігіне қызығушылықтың тәуелділігі де өзгереді: бастауыш сынып оқушысы әдетте өзі сәтті жүзеге асыра алатын, оңай әрекетке қызығады, кейін олардың қызығушылығы қиындықтарды жеңуге де бағытталады. Бастауыш сынып оқушылардың негізгі қызығушылығы оның өмірінің мазмұнымен, үйдегі, мектептегі әрекетімен анықталады .

              Сабақтағы топтық жұмыс кейде назардан  сырт қалып қоятын оқушыларды ұжымдық жұмысқа кірістіріп, өздерінің  сол топтың бір белді мүшесі бола алатынын көрсетті. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыратын басты факторларының бірі деп мен өз жұмыстары мен сыныптастарының жұмыстарын өздері бағалауы деп айтсам артық болмас еді.

 

              Сөзімді қорыта келеқазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі. Сондықтан шаршамай, талмай жұмыс жасайық!

Пожалуйста, подождите.
x
×