Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ | Акимбаева К.Т. . Работа №239299
Автор: Акимбаева К.Т.
ЖОО басты міндеті — бәсекеге қабілетті, өзгермелі орта талаптарына сай икемді, ой- санасы ашық, яғни өз құндылықтарын сақтай отырып, өзге елдердің, ұлттардың жақсы жақтарын өзіне үлгі етіп қабылдай алатын, озық технологияларды тиімді пайдалана білетін, біліктілігі жоғары болашақ кезең мамандарын даярлау болып табылады деп түсінеміз.
Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ!
ҚазҰУ-дегі студенттер саны Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш саналады. Мұнда еліміздің ең мықты білім деңгейі жоғары жастары шоғырланғандықтан, әрі оқытушы-профессорлар құрамының әлеуеті кең болғандықтан нақты білім беру шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ықпалдасқан тәжірибе бойынша жүзеге асырылады.
Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ
ЖОО басты міндеті — бәсекеге қабілетті, өзгермелі орта талаптарына сай икемді, ой- санасы ашық, яғни өз құндылықтарын сақтай отырып, өзге елдердің, ұлттардың жақсы жақтарын өзіне үлгі етіп қабылдай алатын, озық технологияларды тиімді пайдалана білетін, біліктілігі жоғары болашақ кезең мамандарын даярлау болып табылады деп түсінеміз.
Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ! Өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілетті жоғары білікті жаңа буын мамандар даярлау қажет. Бұл үшін, ең алдымен білім беру сапасы, оны бағалау үшін халықаралық талаптарды ұстану, менеджменттің жаңа деңгейін және ұжымды басқарудағы заманауи тәсілдерді пайдалану, дипломдардың халықаралық деңгейде танылуы мен білім беру бағдарламаларының шетелдік жетекші оқу орындарының бағдарламаларымен сәйкестігін қамтамасыз ету, шетелдерде, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік және бірлескен ұйымдарда университет мамандарының біліктілігін тануға қажетті жағдай жасау мүмкіншіліктерінің артып отырғаны.
Сапалы білім беру дегеніміз - ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және студент бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында лайықты іс-шаралар атқарылуда. Осындай стратегиялық міндетті шараларды орындау барысында халықаралық талаптарға сәйкес елімізде жоғары білім беру жүйесін дамытудың лидері ғана емес, сондай-ақ қоғамның, білімнің, экономикалық инновациялардың дамуына елеулі үлес қосатын еліміздегі жетекші ірі оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орны бөлек.
Бүгінде Қазақстандық ЖОО-лар ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің рейтінгісі жоғары және 200-топ «жасыл» университеті қатарына енген жалғыз оқу ордасы, бұл ғылым мен техника жетістіктерін кампустың энерготиімді стратегиясы мен қаланың экожүйесіне интеграциялау бойынша белсенді жұмысын айғақтайды.
Университеттің жоғары білікті мамандар даярлау үшін қолданылатын ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік қарымы жеткілікті. Қазіргі таңда елімізде қалыптасып келе жатқан жоғары білім берудің инновациялық үлгісі мен оқу үдерісін стандарттау, басқарудың елеулі өзгерісін, жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды белсенді ендіруді үздіксіз және қашықтықтан білім беру арқылы дамытуды талап етеді.
ҚазҰУ-дегі студенттер саны Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш саналады. Мұнда еліміздің ең мықты білім деңгейі жоғары жастары шоғырланғандықтан, әрі оқытушы-профессорлар құрамының әлеуеті кең болғандықтан нақты білім беру шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ықпалдасқан тәжірибе бойынша жүзеге асырылады.
Біз, Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрайды және еліміздің даму бағытының қалыптасуына атсалысады. Бұл біздің маңызды нәтижеміз, біз оны мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Акимбаева Қ.Т.