Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 27.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Нетрадиционне проведение родительского собрания в детском саду7 | Хасанова Фарзия Аскаровна. Работа №207340

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Хасанова Фарзия Аскаровна
Нетрадиционное проведение родительского собрания в детских садах. 

 

 

Адамды тәрбиелеу-демек, оның ертеңгі, қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.

А.С.Макаренко.

Тақырыбы: «Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік серіктестігі»

Мақсаты: -Қазіргі отбасының дағдырысты жағдайы-шешімін күтетін әлеуметтік проблема және жәрдем күтетін әлеуметтік шындықты,ата-аналарды «мектепке дейінгі білім беру ұйымының процесіне» енгізуге дағдарланғаның түсіндіру.

-Бала тәрбиесінде ата-ана мен педагог тең құқылы серіктес екендігін айқындау.

-Ұлттық тәрбие негізінде бойында барлық құзіреттін дамыған баланы

Көрнекіліктер: «Келісім шарт», ақ қағаз А-3, түрлі түсті бояулар,

фонограмма, слайдтар.

Жиналыстың жоспары.

Шаттық шеңбері

Тақырыпты хабарлау

Сырласайық.

Ақылдасайық.

Танысайық.

Ата-аналарды бөбекжайдың жұмыстарына қатынастыруды ұйымдастыру.

Бала тәрбиесіндегі отбасымен бөбекжайдың бірлігі.

Қорытынды.

«Жүректен-жұрекке шеңбері»

Жиналыстың барысы.

1. Шаттық шеңбері. Амандасу-танысу

2. Тақырыпты хабарлау.

«Отбасы мен бөбекжайдың әлеуметтік серіктестігі»

3. Сырласайық.

Меңгерушінің баяндамасы.

4. Ақылдасайық.

Ата-аналарды топтастырып, жанұя ережесін жасауға ұйымдастыру

5. Танысайық

Ата-аналарды бөбекжайдың тіртібімен таныстыру,келісім шартқа отыру.

6. Ата-аналарды бөбекжайдың жұмыстарына қатынастыруды ұйымдастыру.

7. Тренинг « Ойымызды біріктірсек..»

8. Қорытынды.

Қаулы қабылдау.Жиналысты жабу.

9.«Жүректен-жүрекке.» шеңбері.

 

Күтілетін нәтиже.

- Қазіргі отбасының дағдырысты жағдайы-шешімін күтетін әлеуметтік проблема және жәрдем күтетін әлеуметтік шындықты,ата-аналарды «мектепке дейінгі білім беру ұйымының процесіне» енгізуге дағдарланғаның, Бала тәрбиесінде ата-ана мен педагог тең құқылы серіктес екендігін түсінуі.

Ұлттық тәрбие негізінде бойында барлық құзіреттін дамыған баланы тәрбиелеуге үлес қосатындарын білдіруі.

1.Шаттық шенбері

«Амандасып-танысу» Шенберді үш топка бөліп «үндістандықтар», «қазақтар», «африкандықтар» деп әрқайсысына өз елдігінше амандасуға талап қоямын.

Біз әртүрліміз,

біз сонымен де баймыз

Біз мықтымыз,

біз сонымен біргеміз.

Әрқайсымыздың отбасымыздың берекесі,өзіміздің жалғасымыз балаларымыз.Конвертың сыртында бірдей жазу бар бірігіп оқиық.

Баланың қасында болғанына қуан

Ол өзі қандай болса да қабылда.

Сені жақсы көруге жағдай туғыз.

2.Тақырыпты хабарлау.

Құрметті ата-аналар,бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы «Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік серіктестігі»Қаралатын мәселелер:

1. Бала тәрбиесіне отбасымен балабақшаның бірігуі.

2. Балабақшаның ішкі күн тәртібімен танысу.

3. Ата-аналарға «Акция» ұйымдастыру.

-Алып-қосарларыңыз бар ма? Жиналыс бір ауыздан «Ашық» деп жариялансын.

Алдымен балабақшаның педкадрларымен, медбикемен таныстырып өтеді

3. «Сырласайық» меңгерушінің баяндамасы.

Құрметті ата-аналар,балабақшада қолданып отырған тәрбие құндылықтарына тоқтап өткім келеді.

Отбасы- бұл балаларды әлеуметтендіру жүзеге асатын қоғамдық институт, мұнда басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында жалпыадамзаттық нормалар мен құндылықтар сіңіріледі,қоршаған орта туралы алғашқы тұрақты әсер қалыптасады.Көптеген ғалымдар отбасы жеке адам негіздерін қалыптастырып қана қоймайды,оның одан әрі дамытылуы үшін маңызды жағдай жасайды деп санайды.Бірақ «ата-анасын тәрбиелемей,баланы тәрбиелеу мүмкін емес» деп есептейді П.П.Блонский(1884-1941ж),кенестік филосов, педагог және психолог.

ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру) отбасыны қоғамның алғашқы әлеуметтік институты ретінде қарастырып, ата-аналарды мектепке дейінгі білім беру ұйымының процесіне «енгізуге» бағдарланғанын, бала тәрбиесінде ата-ана мен педагог тең құқылы серіктес екенін ескертеді.

1-5 жасқа дейінгі бала ақ қағаздай (тақтаға жапсырамын)

Бала өсіп өз қүзіретін ақтай ала ма өмірде? Соны дайындайтын педагогпен әрине ата-ана.

5жас 2ай да баланы барлық дамыту кезеңі басталады екен. Осы жаста баланың есте сақтау қабылеті де жақсы деп есептейді зертеушілер.Тәрбиенің негізгі түбі-ұлттық тәрбиеден басталады.Бала-ол

1.Мейірімді жан

2.Бауырмалы отбасы мүшесі

 

3.Шығармашылық түлға

 

 

(дайын корсеткіштерді тақтаға жапсырамын)

Отбасы мен МДҰ-ның әлеуметтік-педагогикалық серіктестігінің моделі-әлеуметтік өзара әрекеттесудің перспективалық және тиімді түрі.Ол ізгілік тәсіліне бағдарланған дәстүрлі педагогикалық дүниетанымды өзгертуді қажет етеді:бала,оның дамуы,жеке басы әлеуетінің ашылуы басты әрекет етуші тұлғаға айналады,ал МДҰ бала мен ата-аналар

арасындағы делдал болып табылады және олардың қарым-қатынастарының үйлесімді болуына көмектеседі.

 

4.Ақылдасайық.

Жиналысымызды жалғастырамыз.

Құрметті ата-аналар, бөбекжайда мейрамдарға арналған спорт,отбасылық сайыстар, дәріс, әртүрлі іс-шаралар,педагогтердің, бала мен ата-аналардың жобалық

қызметтері,сондай-ақ жұмыстың жаңа түрі-акция.

-Бұл қандай да болса бір қызмет үшін жасалатын әрекет.(қайырымдылық, азаматтық қарсылық көрсету,бөбекжай төңірегін абаттандыру т.б.)

-Бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір мақсат үшін қабылданатын әрекеттер жиынтығы.

Ата-аналардың арасынан суретші,жүргізуші,демеушілік білдіре алатын ата-аналарды анықтау.Балабақшаны безендіруге ұйымдастыру.

Бөбекжайдағы акция ұйымдастырушылары балабақша қызметкерлері де, сондай-ақ тәрбиеленушілердің отбасылары да бола алады.

5.Танысайық

Құрметті ата-аналар, бүгін сіздерді аймақтық отбасы күніне арналып ұйымдастырылған іс-шарада біздің бөбекжайдан «Үлгілі отбасы» номинациясына 3отбасы ие болғаның қуана хабар етеміз.

Атап өтсек: Ахметовтер, Габбасовтар, Есениязовтар отбасы.Және аудандық отбасылық жарыстың номинантары Жанболатовтар отбасы.

(Ата-аналар оқу жылындағы жетістіктермен, өзгерістермен таныстырылады)

6. Ата-аналарға Құрметті ата-аналар,жиналысымыздың басында қолдарыңызға алған қағаздарыңызға көңіл бөлейік, кімде конверт болса соны ашып біздерді ата-бабаларымыздан келе жатқан тиым сөздермен таныстырып отырыңыз.

1.Балаңды қорға.

Жан-тәніңмен шындай отырып қорға,

қажет болса жан мүшелеріңді аяма.( баланы дүниеге әкелген соң бойына адами құзіреттер дамыған тұлғаны өсіру-дегені)

 

 

2.Баламен ойна.

Балаға қажет уақытты бөліп отыр,

оның үгімін түсініп қабылда,соны ойна.(Ат бол десе соны,ұй болып десе соны ойнау)

 

3.Баламен бірге еңбектен.(14 жастан құлыңдай жұмса деген бар. Балаңды аясаң –аяма.дегенде бар. Балаңыз адами ұғымдарын бойына сіндірсін десеңіз ол өз алдына енбектене ұйренсін десеңіз бәріне ұйретіп отыру қажет)

 

4.Балаға адамдар бостандықтық мүмкіндіктерімен шектерін көрсет.(«ұйят болады», «болмайды», «болады»)

 

5.Баланы тіл алғыш ету керек.( Бір кездері бала еркін өсуі тиіс деген тәрбиелік құндылықтарды қолдандық, міне бүгінгі күні де баланы мақтап отыру керек дейміз

де,орындамаса жазалау керек деп қосамыз) (Жазалаудың да шектеуі бар әрине-сабақ оқымаса футболға жібермеу,компьютерге отырғызбау деген сияқты)

 

6.Балаға өз бетімен өмірлік тәжірибе алуға жол қой. (Өзі істеп білсін.Кісімен сөз табысуға жүмсау-дүкенге,көршіге)

7. Тренинг « Ойымызды біріктірсек..»

Шенбер болып тұрайық,жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден-дей отырып ортада тұрған өздеріңізге даярланған конвертен алайық.

Отбасын сүйе білуге балаларды тәрбиелеп отырып, «Кім қымбат?» -деген сұраққа

-Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат.

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын апаң қымбат.-дейміз.Ал сіздер ұйде қандай тәрбие беріп отырасыздар ?

(тәрбиеші апайыңды сыйла, оны тыңда, айтқанын орындап отыр.)

8.Қорытынды

-Құрметті ата-аналар,бөбекжайдың жұмысына және педагог кадрларға қандай сұрақтарыңыз бар?

(Сұрақ-жауап)

Бүгінгі жиналысымызға қаулы алайық.

Қаулы:

Бөбекжай ұжымы мен ата-аналардың өзара ынтымақтастық сенімі қалыптастырылсын.

Бөбекжайдың оқыту-тәрбиелеу сапасын көтеруде отбасы мен балабақша серіктестігі ұйымдастырылсын.

Бөбекжайда ата-аналардың қатысуымен Сәуір , Мамыр айларына тақырыпты «акция» өткізілуі тәрбиешілер Г.Хамзинаға, А.Султановаға әдіскер З.Жағпароваға міндеттелсін.

(Қаулы бір ауыздан қабылданды)

9. «Жүректен-жүрекке» шеңбері.

Құрметті ата-аналар қазір алдарыңызға балаларыңыз келіп қалар,оларды шеңбер құрып қойнымызға салып Е.Хасанғалиев «Айналайын» әнін салып қарсы алайық.

(қайырмасы: Жарқын құшақ жайған айым,

Ниетіңе сай болайын,

Мені сүйген жүрегіңнін,

Лүпілінен айналайын. )

 

 

 

 

 

 

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×