Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиялары | Сарсембаева Меруерт Сейдалиевна. Работа №210767
Автор: Сарсембаева Меруерт Сейдалиевна
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиялары
Тараз инновациялық гуманитарлық университеті
Сарсембаева Меруерт Сейдалиевна
«Кәсіптік оқыту» мамандығының оқытушысы, магистр
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі егізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
«Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай? Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсендіоқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өзара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Инновациялық технология оқу мен үйренудің негізін ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрайды.
Ағылшын тілінен келген «interactiv» cөзі «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау»дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқыту, диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», «үйренуші- үйренуші»« үйренуші-өзімен өзі» тұрғысынан жасалған қарым-қатынас: әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен әрекеттер болып табылады.
Интербелсенді оқытудың мақсаттары:
1. Орта қалыптастыру.
- Оқушы тіл үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін
жағдайлар жасау;
- Оқушылар арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас
орнату;
- Оқушыларға білімді дайын бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу,
2. Әрекет арқылы үйрету
- Оқушылаврға бөлімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде
меңгерілетіндігін дәлелдеу;
- Оқушыларды белсенді әрекеттерге баулап, олардың білім игеру
әрекеттерін ұйымдастыру
3. Өмірмен байланыстыру
Интербелсенді оқыту әдістемесіндегі білім игеру үдерісін ұйымдастыру жолдары :
- барлық оқушыларға бірлескен таным үдерісіне белсенді араласуға
мүмкіндік жасау;
- әрбір оқушының өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы өзара пікірлесу, ой толғауына мүмкіндік жасау;
- оқушылар білімді өздігімен құрастыратын тілдік орта құру;
Интербелсенді оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту тіл үйренушілердің оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
-терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
-өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
-ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
-өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:
- бірлескен жұмыс;
- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.
Интербелсенді оқыту барысында тіл үйренушілер белсенді болуы, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз қөзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.
Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:
-бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),
-рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,
-ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,
құжаттар, мұражай т.б.)
-презентациялар,
-тренингтер,
- интервью,
- сауалнама т.б.
Интербелсенді әдістің ерекшеліктерін ескерсек, құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушылар оқытылып отырған тілдің тәжірибелік тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және қазақ тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда бұл интербелсенді әдісті өздерінің педагогикалық жұмысында барлық мектеп мұғалімдер тиімді қолданып жүр.
Қорыта келгенде, қазіргі әлем бойынша индустриялық қоғамнан интербелсенді қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын ақпараттық қоғамға көшу үрдісі жүріп жатқанда, интербелсенді әдістерді тиімді қолдана білсек, оқушыларымызды жаңа ғасырдың білікті, бәсекеге қабілетті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматы етіп даярлай аламыз.