Международный
педагогический портал
Международный педагогический портал (лицензия на осуществление образовательной деятельности №9757-л, свидетельство о регистрации СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Скидка 42% действует до 27.04
8 (800) 350-54-64
звонок бесплатный
org.komitet@solncesvet.ru
Vk Whatsapp Youtube
Лицензированный образовательный портал (лицензия №9757-л, СМИ №ЭЛ ФС 77-65391)
8 (800) 350-54-64
Название статьи:

Жаңа мүмкіндік | Акимбаева Карлыгаш Турсынбаевна. Работа №239281

Дата публикации:
Автор:
Описание:

Автор: Акимбаева Карлыгаш Турсынбаевна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты

Жаңа заман, жаңа талап, жаңа мүмкіндік: қазақ жастарының ғылыми көкжиегін кеңейтетін ҚазҰУ

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары болып табылады.

 

 

Алматы қаласында 1934 жылы негізі қаланған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – қазіргі таңда ең үздік университеттің бірі болып табылады. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте кәсіби білім беру  көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда.

Университет теңгерімінде: 14 оқу ғимараты, 16 студенттік жатақхана, Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, тамақтану комбинаты, интернет орталығы, спорткомплекс және стадион, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, спорттық-сауықтыру лагері бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Бұл университет төңірегінде көптеген атақты түлектер, атап айтқанда: Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қадыр Мырза Әлі,Тұманбай Молдағалиев, Олжас Сүлейменов сынды тұлғалар білім алған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет – Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО-лары арасында тұңғыш болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді. Тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстанның болашағын нақты дайындап жатқан университеттің бірі деп нық сеніммен айтуға болады, себебі университет түлектерінің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрайды және еліміздің даму бағытының қалыптасуына атсалысады. Бұл – Қазақ ұлттық университетінің маңызды нәтижесі, және ол университеттің мақтанышы, болашаққа деген сенімді күшейтеді.

 

«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Акимбаева Қ.Т.

 

Скачать работу
Пожалуйста, подождите.
x
×